Сыртқы саяси басымдықтар
Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:12
Кеше Сыртқы істер министрлігінде 29 мамырда Астана қаласында өткен мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Сыртқы істер, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, елімізде аккредиттелген дипломатиялық миссия басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволар басшылары, «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Е.Ыдырысов еуразиялық интеграциялық үдерістің мәселелері елімізбен бірге шет елдердің де жоғары қызығушылығына ие екендігін, сондай-ақ сарапшылар мен бақылаушылардың әртүрлі пікір білдіруі мен интеграциялық үдерістердің дамуына берген бағаларын атап өтті. «Осыған байланысты, мақсатымызды айтып, көзқарасымызды білдіру маңызды деп санаймыз. Сондықтан «бірінші дереккөзінен» ақпарат алуға мүмкіндік берген жөн», деді Сыртқы істер министрі.
Қ. Келімбетов жиналған қауымға еуразиялық кеңістіктегі интеграция мәселелері жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы әңгімеледі. Ол Кеден одағының жұмысы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуы, сондай-ақ таяу болашақта Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы еліміздің сыртқы саясатындағы басты басымдықтар, деп атап көрсетті.
Астана қаласында өткен мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысынан кейін мемлекет үкіметтеріне нақты тапсырмалар берілді, деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары. Үкіметтердің жұмысының басты мақсаты – әр елдің нақты жүйемен экономикалық дамуына жағдай туғызу. Сөйтіп, елдердің әл-ауқатын және серіктестік бәсекелестігін арттыру маңызды екендігіне тоқталды.
Жиын соңында Қайрат Келімбетов дипломатиялық корпус өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға толымды жауаптар қайырды.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».