Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Алкогольдік заңнаманы бұзғаны үшін 12 жеке кәсіпкер лицензиядан айырылды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдары Павлодарда алкогольдік заңнаманы бұзудың 165 фактісін анықтады, оның ішінде мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен 12 жеке кәсіпкер лицензиядан айырылды. Бұл туралы Павлодар облысы баспасөз қызметі хабарлады.

Алкогольдік заңнаманы бұзғаны үшін 12 жеке кәсіпкер лицензиядан айырылды

Мас күйінде жасалған қылмыстардың 32%-ға төмендегеніне қарамастан, полиция қызметкерлері алкоголь заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде.

Осылайша, Ақсу қаласында сағат 11.20-да Целинная көшесінде орналасқан дүкенде тәртіп қорғаушылар белгіленген уақыттан тыс 1 бөтелке арақ сату фактісін анықтады. Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді.

Қамзин көшесіндегі дүкен иесіне қатысты әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде алкогольдік заңнаманы бірнеше рет бұзғаны үшін құқықтық тәртіп сақшылары дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 200 бабы 4 бөлімі бойынша әкімшілік материал жасады. Сот осы жеке кәсіпкерді лицензиядан айыру туралы шешім шығарды.