Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Арыс қаласында 7034 үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 тамыз күні Арыс қаласындағы 7034 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның 751-де косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арыс қаласында 7034 үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді

Сондай–ақ 56 әлеуметтік нысан, олар: 50 білім беру, 4 денсаулық сақтау және 2 спорт нысандары пайдалануға берілді. 

Қалада 7,5 мың адам жұмыс істейді, оның 5 мыңы тұрғын үй қорын қалпына келтіруде. Қазіргі таңда 33 апатты жағдайдағы саманды тұрғын үйдің орнына құрылысшылар кірпіш үй салды. Жалпы, сарапшылардың қорытындысы бойынша 455 жеке тұрғын үй құрылысының нысаны бұзылуға жатады. Барлық күштер қазір оларды қалпына келтіруге жіберілді.    

Сонымен қатар меншік иелерінің келіспеуі себебінен 34 үйде жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Даулы мәселелерді 17 секторда бекітілген әкімдіктердің өкілдері пысықтайды.