10 Қаңтар, 2013

Ендігі міндет – орындау

422 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ендігі міндет – орындау

Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:20

Елбасымыздың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бү­гінде жер-жерде кеңінен тал­қылануда. Толеранттылықты ту еткен халқымыз дәстүрлі дү­ниетанымымызға сай қа­шанда әрбір істің астарынан жақсылықты ниет еткен. Халық даналығы «екі дүниең абат, екі тойың қабат болсын» дейді. Халқымыздың жақсылық пен жасампаздыққа негізделген тарихи істері көбінесе қосарланып келіп жатқан тұстарын, әрине, жақсы ырымға балаймыз. Асы­лында, бұл Жолдаудың ерекше тұстары басым деп айтуға толық негіз бар.

Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:20

Елбасымыздың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бү­гінде жер-жерде кеңінен тал­қылануда. Толеранттылықты ту еткен халқымыз дәстүрлі дү­ниетанымымызға сай қа­шанда әрбір істің астарынан жақсылықты ниет еткен. Халық даналығы «екі дүниең абат, екі тойың қабат болсын» дейді. Халқымыздың жақсылық пен жасампаздыққа негізделген тарихи істері көбінесе қосарланып келіп жатқан тұстарын, әрине, жақсы ырымға балаймыз. Асы­лында, бұл Жолдаудың ерекше тұстары басым деп айтуға толық негіз бар.

Елбасының халыққа ар­нал­ған Жолдауының ХХІ ға­­сырдағы Тәуелсіздігіміздің 21 жылдық мерейтойымен, Ала­ш­­­­орда үкіметінің 95 жыл­­дық мерейтойымен және намысы жығылмаған қазақ жас­тарының рухани жарылысы – Желтоқсан оқиғасының 26 жылдығымен тұспа-тұс келуі Елбасын өр намысты алаш­ор­дашылар мен азат рухты желтоқсаншылар рухы жебегендей.
Елбасымыздың осы Жол­дауында мына жайттар айқын­далды, олар: тұңғыш рет мем­лекеттік тілдің даму стратегиясы белгіленіп, нақты мерзімдері айтылды, яғни қазақ ұлтының жарқын болашағы бар деген сөз; латын әліпбиіне көшу туралы түрлі ойлардың қорытындысы шығарылып, нақты мерзімі белгіленді, жаһандану кеңіс­тігіндегі қазақ елінің өзін­дік орны болады деген сөз; ауыл шаруашылығы еліміздің эко­номикасындағы басым бағыттар қатарына енді. Бұл ауылдың көтерілуіне, ауылдағы жұмыссыздықты азайтуға, ауыл­­дағы халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей байланыс­ты. Енді осы стратегиялық мақ­саттарға жетіп жатсақ, Қазақ елінің Азия континентінің барысына ғана емес, жолбарысына айналарына күмән жоқ.
Жолдаудағы тағы бір өте ма­ңызды мәселе – Қазақстанды мекендеген этностардың бір­лі­гі. Елбасы өз Жолдауында жұмсақ қайырған маңыздының маңыздысы «ұлттың ішкі бірлігі, тарихтан сабақ алу керектігі». Егер 2050 жылға дейінгі стра­тегиялық бағдарлама баянды болсын, нәтижелі болсын де­сек, бірінші кезекте бізге қазіргі қоғамдағы рулық, жүз­дік, тайпалық санадан арылу қажет. Ол үшін қысқа мерзімде тиісті іс-шаралар атқару қолға алынуы керек. Ол үшін бүкіл республикалық ақсақалдар (ардагерлер) кеңесін құрып, тиісті жұмыстар белгіленуі керек. Бұл – өте маңызды.
Қазақ елінің тәуелсіздік тарихында бұл Жолдаудың айырықша орын алатыны ақиқат. Ал ондағы Мем­лекет басшысы межелеген мақсаттарға қол жеткізу үшін жоспарланған тапсырма­ны орындау жауапкершілігі ең алдымен мемлекеттік қыз­мет­керлердің, атқарушы ор­ган­­дар­дың іскерлігіне сын. Өйткені, Елбасыға жүктелген міндет – жолдау, қарапайым халықтың міндеті – қолдау, мемлекеттік қызметкерлердің міндеті – орындау.
Талжан РАЙЫМБЕРДИЕВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор. 
ШЫМКЕНТ.