Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Интернетпен қамту барысымен танысты

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында шал­ғай­дағы ауылды елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Телекоммуникация операторлары мемлекет-жекеменшік әріптестігі туралы шартқа былтыр қазан айында қол қойған еді. Шартқа қатысушылар 1250 ауылды елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға міндеттелді. Бұл 3718 әлеуметтік нысанды, бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік органдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Интернетпен қамту барысымен танысты

Жоспарға сәйкес биыл ел бойынша 685 ауылды қамту жоспарланған. Павлодар облысы бойынша бүгінде 9 ауылдық елді мекеннің 36 мекемесі, оның ішінде мектептер, ауруханалар, әкімдіктер сапалы интернетпен қамтамасыз етілген.

«Ауылдардың кең жолақты интернетке қолжетімділігін қам­тамасыз ету – ауқымды әрі бі­р­егей жоба. Бұл Тұңғыш Прези­дент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тапсырмасы бо­йынша «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасы аясында жүзеге асыры­луда. Ауылдарға жүргі­зіліп жатқан телекоммуникация инфрақұрылымы шалғайда ор­на­ласқан елді мекендердегі әлеу­меттік сала нысандарын, бюд­жеттік ұйымдар мен мем­ле­кеттік мекемелерді жоғары жыл­дамдықты интернетпен қамта­масыз етеді. Сондай-ақ цифрлы қызметтер мен сервистерді енгізу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салаларды дамыту есебінен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға оң ықпал етеді», деді Шақат ауылындағы орта мектепте жүргізілген жұмыс нәтижелерімен танысу барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Ведомство басшысы сон­дай-ақ «Павлодар» арнайы эко­но­микалық аймағына және аймақта орналасқан ірі кәсіп­орындарға, атап айтқанда «Пав­ло­дар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «Гиссенхаус» ЖШС, Екі­бастұз қаласындағы «Проммаш­комплект» ЖШС жұмыстарымен танысты. Бұл кәсіпорындарда цифрлы технологиялар, эконо­ми­калық тиімділікке қол жеткізуге және өндірісті оңтайландыруға мүмкіндік беретін технологиялық және бизнес-процестерді автоматтандыру, технологиялық процеске біріктірілген инно­вациялық шешімдерді қабылдау белсенді түрде қолға алынған. Білім беру саласын цифрландыру деңгейін павлодарлықтар министрге «Жас Дарын» маман­дан­дырылған мектебінің мысалын­да көрсетті. Сонымен қатар цифр­ландыруға жауапты ведомство басшысы «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ мемлекеттік корпорациясы филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен көші-қон қызметі орталығының жұ­мысына ерекше назар аударды. ХҚО-ның жабдықталуын қарап шығып, өңірлік филиал­дағы әріптестерімен әңгіме­лесті. Сондай-ақ ұзын-сонар ке­­зек­тердің туындауына жол бермеу және ХҚО мамандарының сапалы әрі тез қызмет көрсетуі бо­йынша қолға алынған шаралардың тиімділігін бағалады.

 

Павлодар облысы