16 Қаңтар, 2013

Бес жылда – 50 балабақша, 30 мектеп

601 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бес жылда – 50 балабақша, 30 мектеп

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 7:17

Тәуелсіз еліміздің тұғырлы символына айналған Астана қа­ла­сын әрбір қазақстандық өзінің бас қаласы ретінде мақтан тұта­ды. Елімізде жүргізілген соңғы әлеу­меттік зерттеулер қорытын­ды­сы бойынша, ел азаматтары­ның 93 па­йызы оны республика­мыздың қарқынды дамып келе жатқан экономикасының негізгі локомо­тиві деп түсінеді. Жаһан­дық айтулы басқосулардың орта­лығына айналған елордамыз сонымен бір­ге, еліміздің қалала­ры­ның ішінде тұрғындарына әлеу­меттік-тұр­­­мыс­­­тық қолайлы жағ­дай жасау мәсе­лесінде үлгі тұ­тар­лық ауқымды жобаларды жү­зеге асырып келеді.

 

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 7:17

Тәуелсіз еліміздің тұғырлы символына айналған Астана қа­ла­сын әрбір қазақстандық өзінің бас қаласы ретінде мақтан тұта­ды. Елімізде жүргізілген соңғы әлеу­меттік зерттеулер қорытын­ды­сы бойынша, ел азаматтары­ның 93 па­йызы оны республика­мыздың қарқынды дамып келе жатқан экономикасының негізгі локомо­тиві деп түсінеді. Жаһан­дық айтулы басқосулардың орта­лығына айналған елордамыз сонымен бір­ге, еліміздің қалала­ры­ның ішінде тұрғындарына әлеу­меттік-тұр­­­мыс­­­тық қолайлы жағ­дай жасау мәсе­лесінде үлгі тұ­тар­лық ауқымды жобаларды жү­зеге асырып келеді.

Егемен Қазақстанның сәулет­ті елордасы шын мағынасында ба­қытты балалықтың орталығы болып саналады. Бұл үшін мем­ле­кетіміз қолдан келгеннің бәрін жасауда. Мемлекет басшысының бас­тамасымен жас астаналық­тар­ды мектеп және балабақша­лар­мен то­­­лық қамтамасыз ету мақ­сатында кешенді жұмыстар жүзе­ге асырылды. 2012 жылы ғана Астана қа­ласында 5 мектеп және 7 бала­бақ­ша бой көтерді. Бұл мек­­теп және мектеп жасына дейінгі мем­лекеттік мекемелер­дегі балалар санын тиі­сінше 4500 және 1530 ор­ынға дейін артты­ру­ға мүмкін­дік берді.

Ел шежіресінің тарихына ай­налған 2012 жылы білім беру саласы бойынша 37 жаңа нысан жо­балары белгіленді. Оның ішін­­де 13 жоба бойынша тиісті экс­­­порт­тық оң баға алынып, 24 жоба 2013 жылы жүзеге асырылатын болды. 2012 жылдың қорытын­ды­­­сы бо­йынша «Білім беру нысандарын дамыту» бағдарла­ма­сын жүзеге асы­ру үшін 9,693 млрд. теңге бө­лінді. Оның ішінде 7,862 млрд. тең­ге рес­публикалық бюджеттен мақ­сат­ты трансферттер есебінен бө­­лінсе, 1,831 млрд. теңге жергі­лік­­ті бюджеттерден қарастырылды.

Қазіргі таңда сәні мен салтанаты жарасқан бас қаламызда 4900 орындық 5 жаңа мектеп, 1680 бүл­­­­діршінге лайықталған 7 бала­­­бақ­ша құрылысы жүргізілуде. Құ­­­­ры­лыс қарқыны осы бағытынан таймайтын болса, елордамыз үшін ауадай қажет бұл білім нысандары үстіміздегі жылы толық пайда­ла­ну­ға берілмек. Сонымен бірге, би­ылғы жылы қаламызда тағы да 7 жаңа мектеп және 12 балабақша құрылысы қолға ал­­ынбақ. Бұл нысандар 2014 жылы жас астана­лық­тар үшін есігін айқара ашпақ. Ас­тана қаласы әкімдігінің алға қой­ған кешенді жоспарлары бо­йынша, 2017 жылы өтетін Бүкіл­әлем­дік ЭКСПО көр­месінің жалауы желбірегенге де­йін елордада су жаңа 50 ба­ла­бақ­ша және 30 мектеп бой көтеретін болады.

Елордамызда жылдан-жылға заманауи техноло­гияларға сай жабдық­тал­ған озық меди­­­ци­­­налық орта­лықтар қатары кө­бейіп ке­ле­ді. Сонымен бірге, Мемлекет бас­шы­сы­­­­ның бастамасымен жүзеге асы­рыл­ған «100 аурухана» бағ­дарла­ма­сы шең­­­­бе­­­­рін­де бір­­қатар нысандар бой көтерді. Өт­кен жылы бас қала­мыз­­да заман талабына сай 2 ден­­­сау­лық сақ­тау мекемесі салынып, пайда­ла­нуға бе­­­­рілді. Атап айтқан­да, бір ауы­сым­да 250 бала қа­былдайтын емханасы бар 350 төсектік қала­лық көп салалы балалар ауруханасы, Оң­түс­тік-шығыс ша­­­­­ғын ауданында 350 ересек­терді және 150 балаларды қа­­­­был­­дай­­­­тын ке­­шен­­ді ам­бу­латория­лық емхана есігін ай­қара ашты.

Жалпы алғанда, 2012 жылы Астана қа­­ласы әкім­дігінің құры­лыс басқармасы 18 ден­­­сау­лық сақтау мекеме­сі­нің жобасын жасады. Оның ішінде 10 жобаны жү­­зеге асыру жұмысы қолға алынса, қалған 8 жоба үстіміздегі жылы іс жүзіне асырылатын болады. «Денсаулық сақтау нысандарын дамыту» бағ­­­дарламасын жүзеге асыруға 2012 жылы 10,320 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 9,384 млрд. теңге республикалық бюджеттің мақсатты трансферт­те­рі есебінен, 936 млн. теңге жер­гі­лік­­ті бюд­жеттердің есебінен бөлінді.

2013 жылы Астана қаласында жаңадан 6 денсаулық сақтау нысаны бой көтермек. Ал 2014 жыл­дың соңына таман сол жағалауда амбулаториялық-емханалық кешен және 500 төсектік туберкулезге қарсы ем қолданатын диспансер пайдалануға беріледі. Ас­тана қа­ласы әкімдігінің алға қой­ған ке­шенді жоспары бойынша төрткүл дүние назары Ас­­танаға ауатын 2017 жылы бас қаламыз­дың тұр­ғындары стацио­нар­лық медицина мекемелері және ем­ха­налық нысандармен то­лық қам­та­масыз еті­ле­тін болады.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».