Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Алтай Көлгінов елордадағы жаңа мектептің құрылысымен танысты

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Алтай Көлгінов А. Иманов пен Е. Брусиловский көшелерінің қиылысындағы мектепке барды. Қазір оқу орнында ішкі әрлеу, батарея орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Кабинеттер мен асханаларға арналған жиһаз, спорт жабдықтары сатып алынды. Сумен жабдықтауға және электр энергиясына қосылуға рұқсат бар. Тек жұмыс қарқыны баяу жүріп жатыр. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.

Алтай Көлгінов елордадағы жаңа мектептің құрылысымен танысты

Елорда әкімі Алтай Көлгінов оқу жылының басында мектеп ашылуға дайын болуы керек деп атап өтті.

«Оқу жылының басталуына тоғыз күн қалды. Сіздің жұмысыңыз әлі де орындалмаған. Мектеп ауласы абаттандырылмаған, су мен жарық өткізілмеген. Жаңа мектептерді бір жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізуге тура келмейтіндей етіп салу керек. Қазіргі таңда ескі мектептер жаңалары сияқты жөндеуді қажет етпейді. Шатырға ерекше көңіл бөліңіз. Жаңбыр маусымы басталады. Оқу орнында балалар өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуі тиіс», - деді А. Көлгінов.

құрылыс

Мектеп жаңа оқу жылы ашылуы тиіс. Мекеме 900 орынға есептелген. Елордада осы оқу жылында 3 жаңа мектеп пен 5 қосымша құрылыс ашылады. Елорда әкімі Өткен аптада "Мичурин"тұрғын алабында орналасқан мектепке барды. Ашылу екінші тоқсанда жоспарланып отыр.

Жинақы құрылыс бойынша кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 37 жаңа мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ, инвесторлар елордада 11 жеке меншік мектеп салуға мүдделі. Инвестиция сомасы 27,6 млрд теңгені құрайды.