Жеке-дара қалып қоймайық
Жұма, 18 қаңтар 2013 7:55
Латын әліпбиіне көшу үшін алдын ала үлкен дайындық керек. 70-80 жыл бойы қолданыста келген кирилл әліпбиін алып тастаса, көптеген адамдардың сауатсыздыққа ұшырау қаупі бар сияқты. Бірақ та, Қазақ еліндегі қандастарымыз ЛАТЫН әліпбиін қолдануды қалап жатса, Моңғолиядағы қазақтар да бұл істен тыс қала қоймас. Қазірдің өзінде біздер компьютерлік әліпбимен хат алысып жатырмыз. Алайда, ескеретін жәйттер баршылық.
Болашақта Моңғолия қазақтары кирилл алфавитінде жеке қалып қойса не болмақ?! Біздің мүддемізді кім ойлайды? Моңғол елі ме, Қазақстан ба… Атажұрттағылар осы мәселені ұмытпаса дейміз. Жалпы, әлем қазақтары бір әліпбиге көшкені абзал. Ағайынға сәттілік тілейміз!

Асай РӘМІШ,
Моңғолиядағы қазақ мәдени орталығының
Уланбатордағы бөлімше бастығы,
ғылым докторы, Моңғолияға еңбек сіңірген дәрігер