Қоғам • 21 Тамыз, 2019

«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcы басталды

32 реткөрсетілді

ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделер мен бас жүлде автокөлікті ойынға салады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Осылайша, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, және оның үстіне бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдағыдай, ағымдағы жылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Акцияға онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу арқылы тауарды сатып алғанын немесе қызметті тұтынғанын растай алған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігін алады. Жедел сыйлықтардың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі - автокөлік ұтыс ойынына қатысады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға видео арқылы шағым жасауы мүмкін. Акция кезінде ұтысқа онлайн-БКМ фискалды чектері қатысады.

Бас финал жылдың соңында ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. 

Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Импорттан не ұттық?

Экономика • Кеше

Лисаковтың «Бәйтерегі»

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Гобелен – текті өнердің туындысы

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

«Мәдени қабат» жойылған жоқ

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Шахмардан тербелген талбесік

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

«Жоғалмайсың, жоқтаушы халқың барда...»

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Аймақтың экспорттық мүмкіндігі артуда

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Көк айдында көршілер жаттығуда

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Банктер артық ақшаны жасырып отыр ма?

Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Бұқара қамын ойлаған басшы

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Оқу мәдениеті

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Өзбек туризмі ояна бастады

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Алаштың айбоз абызы

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Сотты жетілдіру мәселесі талқыланды

Парламент • 20 Қыркүйек, 2019

Қазақстан – Қытай: жаңа кезең

Саясат • 20 Қыркүйек, 2019

Қыста қысылмаймыз ба?

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Несие аз, жабылған кәсіпорындар көп

Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Халық пікіріне құрмет

Саясат • 20 Қыркүйек, 2019

Әңгіме өзегі – әдебиеттің ертеңі

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Ұқсас жаңалықтар