Президент • 21 Тамыз, 2019

Қазақстан Президенті АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады

Мемлекет басшысы «С5+1» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуге қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады. Аталған формат экономика, экология және қауіпсіздік салалары бойынша Орталық Азиядағы бес ел мен АҚШ арасындағы көпжақты өзара ықпалдастықтың тетігі саналады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту, терроризмге қарсы іс-қимылдар, сондай-ақ Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті екі мемлекет басшылары арасындағы тікелей телефон байланысы туралы келісімге қол қоюға мүмкіндік бергені үшін Америка тарапына ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дэвид Хэйл 2018 жылы қаңтарда Вашингтонда өткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Америкалық дипломат Қазақстандағы саяси өзгерістерді, соның ішінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын және демократиялық үдерістерді нығайту жөніндегі Қазақстан Президентінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін қолдайтынын атап өтіп, оларды іске асыру үшін көмектесуге дайын екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45