Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Павлодар облысында 600 тонна картоп жиналмақ

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде биыл  1 млн 97 мың гектарға егін егілген.

Павлодар облысында 600 тонна картоп жиналмақ

Қазір алқаптарда  қызу жұмыс. Шаруашылықтар 7,8 мың гектардан дәнді дақылдар жинауда. Орташа шығымдылық гектарынан 8,6 центнерді құраған.  Биыл 210 мың гектарға майлы дақылдар, 7,9 мың гектарға жем-шөп, 17,8 мың гектарға картоп және 9,3 мың гектарға көкөніс пен бақша дақылдары өсуде.

Басқарманың мәліметінше, дәнді дақылдардың орташа шығымдылығы гектарынан 10,1 центнер өнім  алынбақ. Яғни, 600 тонна картоп, 222 мың тонна көкөніс, 82,6 мың тонна бақша дақылдары жиналады.

Қазір өңірді көкөніспен және картоппен қамтитын Ақсу қаласының ауылдық аймағы мен Павлодар ауданы ерте пісетін картоп пен көкөністі жаппай жинауда.  870 гектардан картоп жиналса, гектарынан орта есеппен 232 центнер өнім алуда.

Алқаптан жиналған картоптың келісі 80 теңгеден,  сәбіз 90 теңгеден.  Облыста картоп пен көкөніс сақтайтын 124 қойма бар, олардың 80 пайызы заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған.

Биыл 230 мың тонна сақтауға салынса, 117 мың тонна картоп сатуға шығарылмақ.

Ал, картоптың құнын тұрақтандыру үшін көптеп сақтауға салуды және диқандарға өнімдерін өзге өңірлерге сату жолдарын қарастыруда.

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Валерий Бугаев