23 Қаңтар, 2013

Мақсат айқын. Арман асқақ

1406 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Мақсат айқын. Арман асқақ

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 7:32

Күрмеуі қатты күрделі өмірдің көңіліңді тасытып, мерейіңді асырып, рухыңды асқақтататын жұл­­дызды сәттері де бар. Сірә да ес­тен кетпейтін сондай жұлдызды сәт жеке адамға қатысты болса аз қуаныш емес. Ал, ол бүкіл бір қоғам, біртұтас ұлт, бүтін бір мемлекетке қатысты болса оның мән-мағынасы мың емес, миллион есе салмақты болмақ. Ел өміріндегі осындай бір жұлдызды сәт – естен кетпес елеулі оқиға таяуда ғана өткен 2012-ші ұлу жылында, желтоқсан айының 14-ші жұл­ды­­­­­­­зында, қасиетті жұма күні болды.

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 7:32

Күрмеуі қатты күрделі өмірдің көңіліңді тасытып, мерейіңді асырып, рухыңды асқақтататын жұл­­дызды сәттері де бар. Сірә да ес­тен кетпейтін сондай жұлдызды сәт жеке адамға қатысты болса аз қуаныш емес. Ал, ол бүкіл бір қоғам, біртұтас ұлт, бүтін бір мемлекетке қатысты болса оның мән-мағынасы мың емес, миллион есе салмақты болмақ. Ел өміріндегі осындай бір жұлдызды сәт – естен кетпес елеулі оқиға таяуда ғана өткен 2012-ші ұлу жылында, желтоқсан айының 14-ші жұл­ды­­­­­­­зында, қасиетті жұма күні болды. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл сол күні «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Жолдауын жа­­рия етті. Бұл Жолдау сол күні есігін алғаш рет айқара ашқан ғажайып ғимарат «Астана опера» театрында оқылуымен және жыл­­дағыдан ерте жариялануымен ғана емес, рас бұл екі жайттың да аса терең символикалық мәні бар, алдағыны көріп, алысты болжаған көреген­дігімен, кемел ойлы ке­мең­гер­лік­ке толы ой-толғаула­ры­мен, адам­­­ның жігерін жанып, же­­місті еңбек пен жеңістерге жете­­­лейтін батыл болжамдармен, т.б. сан қырлы қа­сиеттерімен ерекше­ленеді.

Еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағытта­­рын асқақ арманға толы батыл ойлармен белгілеп берген бұл Жолдау жолдары тереңіне бойламаған алғашқы сәтте ертегі тәрізді естілуі де мүмкін. Құлақпен есті­ген Жолдаудың тасқа басылған толық нұсқасын оқығанда бұл тарихи құжаттың іштен шыққан шыншыл сөз екендігіне көзің айқын жетіп, көңілің анық сенеді. Ана бір жылдары 2030 стратегиясымен алғаш танысқанда бәріміз болмасақ та біразымыз «ертегі сияқты ғой» деп күдік пен сенімді қатар жарыстырмап па едік? Енді бүгін сонда айтылған биік ме­­­желерді бағындырғанымызды бү­кіл әлем көріп, біліп отыр. Ал, мына «2050» сол «2030» страте­­­гиясының жарқын жалғасы. Қа­­лыптасқан мемлекетіміздің «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын да абыроймен орындап шығарына сенім мол. Ол сенімнің негізі – әлемдік деңгейдегі ұлы саясаткер Н.Ә.Назарбаев орнықтырған елі­міздегі ұлтаралық келісім мен айрандай ұйыған ұлы бірлік!
Мақсат айқын: 21 жылда 21 асқар тау биіктерді бағындырған Қазақстанның тәуелсіздігін ны­­ғай­та беру. Жаннан да тәтті, қан­нан да қымбат қалыптасқан Қа­­­зақ­станымызды «Мемлекетіміз­­дің, ұлттық экономикамыздың, қоғам­­дық келісіміміздің, өңірлік көш­­басшылығымыз бен халық­­ара­­­­­лық беделіміздің дағдарыста сыналуы» кезеңінде елдік пен ерліктің үлгісін көрсетіп, ел ең­се­сін жа­сампаздықпен биіктете беру.
Арман асқақ! Алға бастап, ас­қарға шығаратын асыл арманымыз әлемдегі ең озық 30 мемле­кеттің қатарына қосылу!
Міндет көп: ол ең алдымен жиырма бірінші ғасырдың он жа­һандық сын-қатерінен сүрінбей өтіп, жан бағуға емес, жаңаруға; күнкөріске емес, гүлденіске ұмты­лу. Бұл ұлағатты ұмтылыс, ұлы жолдағы адастырмас ақ жұлдыз – «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Рас, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та­мыр­­­­­шыдай тап басып айтқан жиырма бірінші ғасырдың он жаһан­­­­­дық сын-қатері – өткелі жоқ өзен­­­дей, асуы қиын асқар таудай аса қиын сын. Соның бәрін сана­ма­­­­­ламай-ақ, жаһандық энерге­ти­ка­лық қауіп­сіз­дікті зерделеп кө­ре­лік. Н.Ә. Назар­баев қадап айтқан­дай: «Барлық дамыған елдер баламалы және «жа­сыл» энергетика­лық тех­­­­но­ло­гияларға инвестицияны ұлғайтуда.
2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұ­тынылатын энергияның 50 пайызына дейін өндіруге мүмкіндік береді.
Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыр­тылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр». Ал, осы қатердің алдын алатын қалып­тас­қан, қуатты елдің бірі – «Қазақ­стан жаһандық энергетикалық қа­уіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.
Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын ие­ле­нетін біздің еліміздің өзінің энер­гетикалық саладағы сенімді стра­тегиялық әріптестік пен өзара пай­далы халықаралық ынтымақ­тас­тық саясатынан бір қадамынан кейін шегінбейтін болады».
Н.Ә.Назарбаев жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Жолдаудың бар­лық бөлімі, барша тармағы аса ма­­­ңызды. Мәселен, Жолдауда ай­тыл­ған: «Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөй­лессін.
Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады.
Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз.
Сондықтан оған бейжай қара­майық.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көте­рілгенде, біз елімізді Қазақ мем­ле­кеті деп атайтын боламыз», деген сөздер алшы түсер асыққа құйылған қорғасындай көкейге қона кетеді.
Жолдауда айтылған ойлардың салмақтылығы, өміршеңдігі сон­шалық, соның бәрі бір оқылғанда-ақ жадыңда жақсы жырдай жатталып қалады. «Әлеуметтік саясат­тың жаңа қағидаттары», «баланы қорғау», «ұлт денсаулығы», «білім беру саласындағы басымды­лық­тар», «сыртқы саясатта жаңғыр­тудың басымдылықтары», «жаңа қазақстандық патриотизм», «мә­де­ниет, дәстүр және даралық»… т.б. толып жатқан құндылықтар жайлы толымды ойлар толғаған парасатты пікірлер мен болжам, бағыт­тары тебіреніске толы те­рең­дігі­мен баурап алады. Саяси құжаттың көркем шығармадай тартымды жазылып, бір деммен жеңіл оқыла­тыны ғажап! Осы тұста ақжарма сезім, ағытылған арынды, дара да дана ойларға тұ­нып тұрған Жол­даудың көптің көкейіндегі ойын тап басып, жү­рек қылын шерткен тағы бір тамаша тұсынан үзік үзінді келтір­месек сөздің сәні, ойдың мәні болмайды. «Ел – бірлігі – ең асыл қасиет.
Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен, өзімізге – қазақтарға керек.
Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.
Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен кү­шей­ген.
Үйдің берекесі қабырға­сы­ның қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сый­­­лас­тықпен, тату­­лықпен кіреді.
Мемлекет те солай.
Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына біздер – қазақ­тардан артық мүдделі кім бар?!
Қазақтың ішкі тұтасты­ғын бұзғысы келетін рушыл­дық, жершілдік секілді әңгі­­мемен ел бірлігін бүлдіргісі келетін күштердің пайда болуы Елбасы ретінде мені алаңдатпай қоймайды.
Ондай жымысқы ниетті­лер­дің айқайына құлақ асып, айтағына ілескен жан әр ата­ның шежіресін әспеттеп, әр жаққа тартқанын аңдамай қа­луы мүмкін.
Ру мен тайпаға бөліну – ұлт­­­­­тық тұтастықтан айрылу­дың өте қауіпті түрі».Қазақ­тың құ­­­­­раны мен ұранына айналатын азбас, тозбас асыл сөз ғой бұл!
Елбасы Н.Ә.Назарбаев қа­дап айтқандай: «Қоғамымыз­да­ғы ой-сананы түбегейлі өз­герту қажет». Осы тұста бізге – қа­лам қайраткерлеріне жүк­те­лер міндет аз емес. Ұлы Жаратушы сыйлаған көркемсөз­дің құді­реті шексіз. Лион Фейх­­­т­­­­­­ван­гер­дің сөзімен айт­сақ: «Көр­­­­­­кем әдебиет жас баланы саяси қай­раткерлікке де­йін тәрбие­­лей­­­­ді». Лев Гумилев одан да асып түсіп: «Сөз қалаларды да қи­ратады, Сөз күнді де тоқтата­ды» дейді. Қа­ламсыз ғалам жоқ. Сөз жоғал­са – әлем де жо­ғалады. Қалам­нан үлкен қа­ру жоқ. Біз – қа­лам қайраткер­лері отан­дас­­­та­рымыздың ой-санасы бұрын­ғыдан да өсіп, жандүние жасаулары жарқырай беруі үшін аянбай еңбек етуіміз керек! Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев тоғы­зын­­­­­шы қаң­тарда Алматыдағы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне прези­денттік және мемлекеттік стипендияларды тапсыру кезінде: «Жастар болашақтың қандай болатынын білгісі келеді» деп қадап айтты. Осы орайда да қаламгерлер қауымы атқарар жұмыс аса ауқымды.
Еңбек! Бұл – қасиетті сөз, құдіретті күш. Ол жайлы Елбасымыз сән мәрте салиқалы ойлар айтты. «Қазақ­­стан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда да еңбек шешуші рөлі атқа­ра­ры сөзсіз. Осы тұста:
Қиындық деген қамал бар,
Қайсарлар жарып өтетін.
Еңбек деген бақыт бар,
Ерінбеген жететін.
Жалқауға бақыт жоламас,
Қайрылмай оған кететін, –
деймін мен жастарға қарата. Жастарымыздың бәрі жұғым­сыз деуден аулақпын. Алайда, жеңіл өмірді жақсы көретін жастар да аз емес. Түгесілмес сайранның түбі – ойран. «2050» Стратегиясы ең алдымен жас­тар көретін игілік. Оны жүзеге асыратын да жастар.
Иә, қайтпас, қайсар еңбек – бәрін де жеңбек! Сол ерен еңбектің үздік үлгісін біздің Елбасымыз үнемі көрсетіп ке­­­­­­леді. Соған мың мысалдан бір мысқал, жақында (9.01.2013 жыл) ел газеті «Егеменде» жа­рияланған «Президенттің жұ­мыс кестесі: 2012 жылдың негізгі қорытындылары» атты мақаласында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсе­сі­нің бастығы Махмұт Қасым­беков былай деп жазды: «Шетел сапарларын, өңірлерге жа­салған жұмыс сапарларын, түрлі отырыстар мен кеңес­терді, халық­­­аралық және рес­публикалық форумдардың, конференциялар мен съез­дер­дің жұмыстарына қатысуын, шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерін қа­­­былдау­ла­рын, жұртшылық пен еңбек ұжымдарының өкіл­де­рімен кез­десулерін, өнеркә­сіп кәсіпорындары мен әлеу­­­­меттік объектілерде болуларын қоса алғанда, Президент Н.Ә. На­зар­­­баевтың қатысуымен жыл бойы 700-ден астам хатта­ма­лық іс-шаралар өтті.
Көріп отырсыз, осының өзі бір адамға аз жүк емес. Сол алпыс атан тарта алмас орасан ауыр жүкті өрге сүйреп келе жат­­­­­қан Елбасының қажыр-қайраты мен еңбекқорлығы бә­рімізге үлгі емес пе?! Жоға­ры­да келті­рілген үзіндінің өзі-ақ көп жайдан хабар беріп тұрған жоқ па?!
«Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі – уақыт пен төзімнің жемісі» депті Бальзак.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: «Мен ХХI ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры боларына сенемін» деген сөзін жан жүрегімен қабылдап, ұлы мақсат «Қазақстан-2050» Стра­­­тегиясын орындаудың ұлы жолына түскен Елім мен Елбасыма айтар, Алла Тағаладан ті­лер ақ тілегім: «Жұлдызды сәт­­­­­тер көп болсын!».
Сәбит ДОСАНОВ, 
жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
АЛМАТЫ.