24 Қаңтар, 2013

Жедел үнқосулар

300 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жедел үнқосулар

Бейсенбі, 24 қаңтар 2013 7:56

Рахман АЛШАНОВ, 
«Тұран» университетінің ректоры:
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет алдына маңызды міндеттер қойды. Мұны бір жағынан «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасымен тікелей байланысы бар міндеттер деуге болады. Енді елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа темір жолдар, тас жолдардың құрылысы жүргізіліп, жаңа газ құбырлары салынып, энергетикалық қауіпсіздігіміз нығаятын болады.

Бейсенбі, 24 қаңтар 2013 7:56

Рахман АЛШАНОВ, 
«Тұран» университетінің ректоры:
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет алдына маңызды міндеттер қойды. Мұны бір жағынан «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасымен тікелей байланысы бар міндеттер деуге болады. Енді елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа темір жолдар, тас жолдардың құрылысы жүргізіліп, жаңа газ құбырлары салынып, энергетикалық қауіпсіздігіміз нығаятын болады.

Кешегі кеңесте «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық туралы да мәселелер қаралды. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы болашақта ұлттық экономикамыздың қозғаушы күші болатын «Жасыл экономика» идеясы туралы жақсы ұсыныстар айтты. Бұл еліміздің дамуына оң септігін тигізетін идея. Болашақта аталған идея іске асып жатса, біз табиғи ресурстардан түсетін қаржыға қарап қалмай, күн батареясын пайдаланып, жаңа инновациялық жобаларды іске асыратын боламыз.

Талғат НҰРҒАЛИЕВ, 
«Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия» ММ директоры:
– Кеше гимназияның оқытушылар құрамы мен оқушылар Елбасының кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөздерін, мемлекеттік органдарға берген тапсырмаларының бәрін осы интернет арқылы көруге мүмкіндік алды. Мемлекет басшысы ұтымды ойлар, жаңа идеялар айтып, Үкімет мүшелерінің алдына жаңа міндеттер қойды. Онда шағын және орта бизнесті дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, «Жасыл экономиканы» құру, 2017 жылы өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері қаралды. Соның ішінде біздің оқытушылар мен оқушыларды «Жасыл экономика» идеясы қатты қызықтырды. Өйткені, біздің гимназияда 4-5 жылдан бері «Болашақ энергиясы» пәні бойынша сабақтар өткізіліп, содан алған білімдері бойынша балалар республикалық және облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Асқар РЗАХАНОВ,
«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры:
– Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ «жасыл экономика» және үшінші индустриялық революция сынды жаһандық үрдістер мәселелеріне айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы белгілеген бағытқа сәйкес, Өзен мұнайшылары өздерінің кәсіпорындарында кең көлемде әлеуметтік жаңғырту үдерістерін жүргізіп жатыр. Бұл ретте барлық деңгейдегі қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бағытында сан салалы жобалар жүзеге асырылуда. Біз  бүгінде Президент басымдық беріп отырған жұмыссыздықты азайту, халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру, яғни жұмысшылардың денсаулығын сақтау, отбасылық жағдайларын жақсарту сынды мәселелерге аса мән берудеміз. Біздің ұжым Елбасының саясатын, оның бастамаларын толықтай қолдайды. Себебі Президенттің кез келген шешімі мемлекет дамуының тетігі болып табылады.

Виталий СВИНЦИЦКИЙ,
Павлодар облысындағы «Қазақстан поляктары ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:
– Кеңес барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз өңірлеріндегі апатты жағдайда тұрған мектептер мен ауруханаларды, үш ауысымда оқытатын мектептерді қайта қалпына келтірмес бұрын жаңадан нысандар тұрғызуға тыйым салды. Бір жағынан алып қарағанда, бұл дұрыс шешім емес сияқты көрінеді. Себебі, елді мекендердің басым көпшілігіне жаңа әлеуметтік ғимараттар ауадай қажет. Алайда Мемлекет басшысының сөзіне терең мән бере отырып оның дұрыстығына көз жеткізесің. Өйткені, елімізде 189 мектеп пен 68 денсаулық сақтау саласы  нысанының апатты жағдайда тұруы қалыпты жағдай емес.
Шынымен де біз осындай проблемаларды шешпей, алға жылжи алмаймыз. Себебі, ондай мәселелер біздің ілгері дамуымызға кедергі келтіреді. Сондықтан Елбасының бұл мәселеге орай айтқан ұсынысы өте орынды деп есептеймін.