Қазақстан • 23 Тамыз, 2019

Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді - Қазгидромет

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-26 тамыз аралығында республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді - Қазгидромет

«Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжып, соның салдарынан батыс облыстарында найзағаймен жаңбыр және көптен күткен ыстықтың басылуы күтіледі. Күндізгі ауа температурасы плюс 35…40°С-тан кейін, 20…30°С-қа дейін төмендейді. Сондай-ақ республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін. Демалыс күндері қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасының плюс 25…35°С дейін жоғарылауы болжанады», делінген хабарламада.