Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы олардың еңбектенуіне байланысты — Б. Сапарбаев

158 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Мимнистрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдеріне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев биыл 21 тамызда Nur Otan партиясының саяси кеңесінде қойған міндеттерді іске асыру шаралары туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы олардың еңбектенуіне байланысты — Б. Сапарбаев

Б. Сапарбаева атап өткендей, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев Үкімет алдына қойған басты міндеттердің бірі — қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету. 

Биыл қазақстандықтардың жекелеген санаттарының жалақылары екі есеге өсті. 3 млн-нан астам қазақстандық үшін жалақы мөлшері 15%-дан 30%-ға дейін артты. 

Елбасының тағы бір маңызды тапсырмасы — қазақстандықтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу. 

Б. Сапарбаевтың айтуынша, бұл тапсырма Қазақстанда іске асырылып жатқан 14 мемлекеттік және салалық бағдарламар аясында орындалып жатыр.

«Өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев адамдардың әл-ауқатын жақсарту олардың еңбегіне байланысты болатынын айтты, яғни егер дені сау болса, еңбекке қабілетті адам жұмыс істеуі керек. Мемлекеттік қолдау мен әлеуметтік көмектің барлығы оған мұқтаж адамдарға ғана көрсетілуі тиіс», — деді ол.

Мәселен, биыл  373 мың жаңа жұмыс орны құрылады. 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша бұл тапсырма 60%-ға орындалды.  Оның ішінде 150 мыңнан астам орын — нақты жұмыс орны. Сұранысқа ие емес мамандар қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтті.

«Еңбек» бағдарламасы аясында «Бизнес Бастау», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» жобалары іске асырылып жатыр. 

Сонымен қатар, шағын несиелік гранттар бар. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларына сәйкес қосымша 15 мың грант бөлінді. Бұл мақсаттарда республикалық бюджеттен 32 млрд теңге бөлінді. 

Премьер-Министрдің орынбасары сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын іске асыру туралы баяндады. Бүгінгі таңда 340 мыңнан аса отбасы немесе 1,8 млн қазақстандық осы көмек түрімен қамтылған. АӘК алушылардың 58%-ы — ауыл тұрғындары. Республикалық бюджеттен төленген қаражат көлемі — 103 млрд теңге. Соның нәтижесінде 37 мың адам жұмысқа орналастырылды, 6 мыңға жуық адам өз ісін ашты. Мәселен, 88 мың ауыл тұрғыны мал, техника т.б. алу мүмкіндігіне ие болды.

«Жалпы, АӘК алатын отбасылардың материалдық жағдайлары жақсарды. АӘК көлемі бір адамға шаққанда 6 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін артты. Егер бұрын бір отбасыға орта есеппен 30 мың теңге төленген болса, қазір – 86 мың теңге. Талдау мәліметтері бойынша, АӘК ел экономикасына 300 млрд теңге көлемінде мультипликативті әсер берді», — деді Б. Сапарбаев. 

Сонымен қатар, Б. Сапарбаев АӘК тағайындауда көмектің шынымен мұқтаж адамдарға көрсетілуіне ерекше көңіл бөлінгенін айтты. АӘК тағайындауда табысты бұрмалаудың көптеген фактілері анықталды — барлығы 70 мыңға жуық тағайындау қайта қарауды талап етеді. Бүгінгі таңда тұрақты мониторинг жүргізілуде. ЕХӘҚМ-де Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жұмыс істейді, оған зейнетақы қорына қаражат аударатын барлық жұмыс істейтін қазақстандықтар бойынша мәліметтер келіп түседі. Соның негізінде азаматтардың жалақысы мен оның отбасының табысы анықталады. АӘК жосықсыз алушылар бойынша жергілікті атқарушы органдармен олардың нақты табысын нақтылау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

«Біз мұқтаж адамдарды масылдардан ажыратуымыз керек. Егер біз осы көмекті пайдаланып, масылдыққа бой ұрсақ, біздің болашағымыз не болады, балаларымызға қандай тәрбие береміз, біздің еліміз қалай дамиды? Сондықтан бұл мәселеде қателікке жол жоқ. Дені сау, еңбекке қабілетті адамдар жұмыс істеуі керек. Ол үшін барлық жағдайлар жасалған», — деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қоса, Мемлекет басшысының  «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» Жарлығын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. ҚР ЕХӘҚМ ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп 33 млрд теңге сомасына 1,2 млн қазақстандықтардың айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығарды. Сонымен қатар, бір қарыз алушыға есеппен тұтынушылық несиелер сомасы 300 мың теңгеге дейін төмендетілді. Жалпы, несиелер сомасы 105 млрд теңге сомасына 630 қазақстандық үшін төмендетілетін болады. 

Елбасының тағы бір тапсырмасы — мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру аясында бүгінде мемлекет 730-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде бүгінгі таңда электронды форматқа 72% көшірілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 80%-ға жеткізіледі. Елбасының келесі жылы бұл көрсеткішті 90%-ға дейін жеткізу туралы тапсырмасы бар.