Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Ю. Пя: Біз — денсаулық сақтау саласына жасанды зердені енгізген алғашқы елдердің біріміз

119 реткөрсетілді

Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Nur Otan партиясының мүшесі, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя БАҚ өкілдеріне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың биыл 21 тамызда Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттері қалай іске асырылып жатқаны туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

«Тұңғыш Президент технологиялар мен жоғарғы зердені дамыту мен енгізу мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Технологиялар біздің өмірімізге барынша енгізілген деуге болады. Жасанды жүректі жандандыру мен сымсыз энергия тарату бойынша әлемдегі алғашқы операция 2018 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстанда біздің орталықта жасалды. Біз бұл технология медицинада алғаш рет тәжірибеге енгізілген ел ретінде тарихқа ендік. Менің ойымша, біз жасанды зерденің дамуының куәгерлері боламыз», — деді« Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя.

Саяси кеңестің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан жасанды зердені қолдау мақсатында ауқымды және жүйелі шараларды қабылдауы керек екенін атап өтті.

«Технология мен медицинаның өзара байланысуына жол ашылды. Қазір біз өз орталығымызда дамыған елдердің – Еуропа, АҚШ, Канада, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің азаматтары үшін қолжетімді барлық жоғары технологиялық операцияларды жасай аламыз»,  деді Юрий Пя.

Еске сала кетейік, биыл 21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Соңғы жаңалықтар

Басты ақпарат (28.02.2020)

Видео • Бүгін, 18:36

Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:44

Оралда коронавирус бар ма?

Қоғам • Бүгін, 15:36

Көшпелі көрмемен танысты

Абай • Бүгін, 12:57

Абай – ұлттың ұстазы

Абай • Бүгін, 12:44

Ауыр сынақ, қиын сұрақ

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Бейбіт жиын қандай болуы керек?

Аймақтар • Бүгін, 11:28

Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоқ

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 11:20

Ұқсас жаңалықтар