Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Оралмандар үшін азаматтық алу мерзімі осы жылдың соңына дейін ұзартылды — Б. Сапарбаев

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихи отанына оралған отандастарымызды қолдау шаралары туралы ҚР Үкіметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Оралмандар үшін азаматтық алу мерзімі осы жылдың соңына дейін ұзартылды — Б. Сапарбаев

Б. Сапарбаев атап өткендей, өткен кезеңде 1 млн аса қандасымыз Қазақстанға оралған. Бәріне тиісті көмек көрсетілді: тұрғын үй беру, жол шығынын өтеу, күнкөріс шығындарын өтеу, олардың балаларын мектептер мен балабақшаларға орналастыру, медициналық қызметтермен қамту.

«Кейбір өңірлерде, мысалы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Шымкент қаласында және басқа өңірлерде тұтас бір ауылдар салынды. Сонымен қатар, алты өңірде қандастарымыздың Қазақстанның заңдарына, өміріне, салтына жылдам үйренуі үшін оңалту орталықтары салынды», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Бүгінде басқа мемлекеттерден көшіп келетін қандастарымызға қолдау көрсету жалғасуда. Өткен 7 айда елімізге 6 мыңнан астам қандасымыз көшіп келген. 

Сонымен қатар Б. Сапарбаев Қазақстанға оралған кейбір қазақтар құжаттарын уақытылы тапсырмағандықтан, ҚР азаматтығын ала алмай жүргенін айтты. Қолданыстағы заң бойынша оған бір жыл уақыт беріледі.

«Биыл Елбасы тапсырмасы бойынша бұл мерзім осы жылдың соңына дейін ұзартылды. Біз бұл жайлы БАҚ-та хабарладық. Осы сәтті пайдаланып, азаматтық алмаған оралмандардың оны алуы керектігін айта кеткім келеді», — деп түсіндірді Б. Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше