Әлем • 24 Тамыз, 2019

Скарлет Йоханссон – әлемнің ең бай актрисасы

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Forbes  журналы  әлемнің ең көп ақы төленетін актрисаларының рейтингін жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Скарлет Йоханссон –  әлемнің ең бай актрисасы

Скарлет Йоханссон лидер атанды.

Сарапшылардың деректеріне сәйкес, ол 2018 жылдың 1 маусымынан 2019 жылдың 1 маусымына дейін $56 млн табыс тапқан. Актрисаға ең басты кіріс Marvel кинокомпаниясынан бұйырды. Атап айтқанда, Скарлет Йоханссон қомақты соманы өзінің  «Қара жесір»  фильмінен тапты, ал «Кекшілдер» фильміндегі рөлі үшін $35 млн гонорар алды.

Сондай-ақ тізімге София Вергара ($44,1 млн), Риз Уизерспун ($35 млн), Николь Кидман ($34 млн), Дженнифер Энистон ($28 млн) және Кейли Куоко ($25 млн) енді. Алғаш рет рейтингке өткен жылы  екінші орын алған Анджелина Джоли,  Джулия Робертс, Кейт Бланшетт  және Дженнифер Лоуренс кірмей қалды. Олардың орнын Элизабет Мосс ($24 млн) және Марго Робби ($23,5 млн) толтырды.

Ондыққа  Шарлиз Терон ($23 млн) және Эллен Помпео ($22 млн) да енді. Еске сала кетсек,21 тамызда  Forbes  жылсайынғы әлемнің ең көп ақы төленетін актерлер тізімін жариялаған еді. Дуэйн Джонсон биылғы жылғы ең бай актер атанды.