Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде жазды.
Конкурс нәтижесін Testcenter.kz сайтынан немесе Konkurs_magistratura_2019 Telegram-боты арқылы білуге болады.
«Грантты компьютер бөлгенімен, процестің қаншалықты маңызды екенін ұғынып, әр тізімді, шамамен 12 мың жазбаны қолмен тексеріп шықтық. Себебі орталық өз жұмысында үміткерлердің құқығына басымдық береді», - деп жазды Дидар Смағұлов Facebook желісінде.
Айта кетейік, биыл магистратураға бөлінген 13 мың грантқа 30 мың адам үміткер болған еді.
«Жалпы саны 9 701 үміткерге грант тағайындалды. Қалған 3 108 грант бюджетке кері қайтарылды. Бірінші айналымнан қалған гранттар сұраныстағы мамандықтар бойынша қайтадан бөлінеді», - деді Д. Смағұлов.