Аймақтар • 24 Тамыз, 2019

Алматының криминогендік картасы әзірленді

422 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осыған байланысты Алматының шеткері аудандарының көшелерін жарықтандыру жұмыстары қолға алынбақ. Бұл деректі бүгін Алматы каласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматының криминогендік картасы әзірленді

Соның ішінде мүлдем жарықсыз қалған жерлер де бар. ПД-нің мәліметінше, аса қауіпті 148 криминогендік учаске анықталған. Бұған 83 көше мен 65 аулада жарық жүйесінің болмауы себеп. 2019 жылдың соңына дейін 83-тің 22 көшесіне жарық орнатылады. Қалған 61 мекен-жай бойынша іске асыру мерзімі 2021 жылға дейін деп көрсетілген ЖСҚ әзірлеуге өтінім берілді.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аула аумақтарын жарықтандыру бойынша жұмысты бастап кетті. Жоспар бойынша 62 аулаға жарық жүйесі орнатылады.

23 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласы Түрксіб ауданының 5 ауласында жарық орнату жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда: Сейфуллин көшесі, 74, 57; Жұмабаев көшесі, 27; Физкультурная көшесі, 17; Орджоникидзе көшесі, 136.

Қазір Алматы бір орнында тұрған жоқ. Ол кеңейіп  келеді. Бүгінде қаланың құрамына тағы 27 ауылдық елді мекен, барлығы 23 мың 200 гектар жер қосылды. Шаһарға іргелес жатқан – Қарасай, Талғар және Іле аудандарының бірқатар ауылы қалаға кірді.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша, жергілікті полиция криминогендік пункттердің картасымен қоса патрульдік картаны жасады. Патрульдік полиция қызметкерлері жарығы жоқ көшелер мен аулаларды басты назарда ұстайды.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев жергілікті полиция бөлімшелерінің санын көбейтуді тапсырған.

Алматы қаласы 102 әкімшілік учаскеге бөлінген, онда Полиция басқармасының балансында 67 учаскелік полиция бекет бар. Жайлы қалалық орта басқармасының қолдауымен 6 учаскелік полиция пунктінің құрылысы аяқталды. Қазір онда инспекторлар жұмыс істеп жатыр. Тағы да 29 учаскелек пунктке арналған ғимараттар қажет. Қала әкімдігі жалға алатын нысандарды қаржыландырады. Қылмыс картасын пайдалана отырып жасалған талдауға сәйкес қала аумағында 61 ең криминогендік учаске анықталды, олардың бойында патрульдік маршруттар жүреді.

Талдау қылмыс орны бойынша жүргізілді. Жаяу патрульдер мен автоэкипаждардың патрульдік бағыттары - көпқабатты үйлердің аулалары.

 Жалпы алғанда, 81 көшеге жарық жетіспейді, 16-сы жартылай жарықтандырылды.

Көпқабатты үйлердің 65 ауласы жарықтандырылмаған. Барлық тізімдер Алматы қаласы әкімдігінің Энергия тиімділік басқармасына жіберілді.

Осыған дейін «Алматы полициясы «Қауіпсіздік визит картасы» ақпараттық жобасы іске қосылды. Бұл - жаяу патрульдердің жаңа форматын тәжірибеге енгізетін материалдар топтамасы. Азаматтарға кез келген аудандардаға патрульдік маршруттардың орналасқан жері, жасалған қылмыстар, патрульдің жеке құрамы, көшедегі жарықтандыруды жақсарту қажет жерлер туралы ақпараттар берілген.

 

АЛМАТЫ