25 Тамыз, 2019

Жәрмеңке жексенбіде де жалғаса береді

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әр демалыс сайын елордадағы Сауран 7, «Nova City» ТК және Жағалау шағын ауданы (Сығанақ-Ш.Айтматов) мекен жайлары бойынша ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкелері өтеді деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке жексенбіде де жалғаса береді

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін болады. Ұйымдастырушы - Нұр Сұлтан қаласының әкімдігі.

Жәрмеңкелерде ауылшаруашылық өнімдерінің әр түрлі ассортименті ұсынылған: көкөністер мен жемістер, қышқыл сүт және сүт өнімдері, шұжықтар және азық-түлік өнімдері және т.б.

Қала азаматтардың ыңғайлылығы үшін осында «Алтын Адам» тігін фабрикасы, «Elish» тігін цехі, «Данмард» ЖШС, Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің одағының («УниверMAG.kz» отандық тауар өндірушілердің дүкені) қатысуымен жәрмеңкелер өтеді. Сонымен қатар базарлар мен сауда орталықтарына мектеп киімдері мен оқу құралдарын жаппай сатылымы өтіп жатқандығын хабарлаймыз.