Бокс • 25 Тамыз, 2019

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік боксшыдан басым түсті

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповты жеңді деп хабарлайды Vesti.kz.

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік боксшыдан басым түсті

Ресейдің Челябі қаласындағы "Трактор" аренасында өткен бокс кешінің андеркартында қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осы бокс кешінің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев ұлыбританиялық Энтони Ярдты нокаутқа түсірді.

26 жастағы Нұрсұлтанов спорттық мансабында 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Сегіз кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 30 жастағы Осипов болса осымен екінші рет жеңілді, ол 15 рет (10 нокаут) жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Ресейде алғаш рет өнер көрсетті. Осыған дейінгі жекпе-жектердің барлығын дерлік ол АҚШ-та өткізген, ал Қазақстанда бір ғана кездесу ұйымдастырды.

Ковалев пен Нұрсұлтановты менеджер Эгис Климас пен Main Events промоутерлік компаниясы байланыстырады.