Руханият • 25 Тамыз, 2019

Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауында өнер көрсетті (видео)

1256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген Сочи қаласында "Новая волна - 2019" жас таланттар байқауының ашылу салтанатында Olympico әнін шырқады деп хабарлайды egemen.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап

Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауында өнер көрсетті (видео)

Қазақстандық әншіні көрермендер гүлмен көмкеріп, сахнадан ұзақ уақыт жібермей қойған. 

"Барлық гүлдер. Ресей, Қытай және әлем эстрадасының жаңа секс-символы. Қыздар, өздеріңізді ұстаңыздар, ол қайтып келеді", - деді байқау жүргізушісі. 

"Димаш - отсың! "Новая волна"-ның ашылуы ең жоғарғы деңгейде болды. Біздің тандем үшін осы бағдарламаны көрдім. Ең мықтылары - сіздер! Кез келген мерекенің гүлі". 

"Димаш ең мықты, ең үздік, оған тең келер ешкім жоқ. Сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынбыз, керек десең, тыңшы боламыз", - деп жазады әртістің фанаттары. 

"Новая волна" - халықаралық танымал әуендерді орындаушы жас таланттар байқауы. Байқаудың арқасында көптеген әнші үлкен сахнаның төріне шықты.