Парламент • 26 Тамыз, 2019

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.  

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының ӨКІМІ


Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тар­ма­ғы­ның 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.НЫҒМАТУЛИН

Нұр-Сұлтан қ., 24 тамыз 2019 ж. №45