Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Айкүне – дала жаттығуы

871 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәні саудың – дені сау. Қазіргі кезде дене, тән күтіміне қолдау беретін орталықтармен қатар, арнайы бағдарламалар да жеткілікті. Осы тұрғыда Рожа Бекжанова жетекшілік ететін «Айкүне» орталығы Алматы қаласы тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында қазақ халқының жаттығуы негізінде қызмет етіп келеді. Жақында орталықтан «Бақытты отбасы» орталығында тіркелген көп балалы бірнеше отбасы арнайы ем-дом қабылдап, жаттығудың әліппесін игерді.

Айкүне – дала жаттығуы

Орталық директоры Роза Бекжанованың айтуынша,     «Айкүне» бұл омыртқаға арналған жаттығулар жиынтығы. Омыртқа арасындағы бұлшықеттер мен тамырларды оятып, оларды созу арқылы қан айналымын күшейтіп, бүкіл ағзадағы жасушалар толық қанмен қамтамасыз етіледі, соның әсерінен дене буырқанып терлей бастайды.  Жаттығулар көмегімен омыртқаның бастапқы  қозғалу және иілгіштік қасиеті қалпына келіп, қысылып тұрған нерв жүйелері босатылып, денедегі құрысқан жағдай кетеді. Жаттығу бастасаңыз, бірінші күннен-ақ әсері сезіледі. Омыртқаны қалпына келтіру арқылы ішкі құрылыс та өзі қалпына келіп, өт жолдары тазарып, бауыр, бүйрек, жүрек аурулары да сауыға бастайды. Қазіргі ел аузында жүрген «давление», «остеохандроз», «артроз», «зоб» аурулары кете бастайды.   

«2017 жылдан бастап «Айкүне» әлеуметтік жобаларды қамти бастады. Көптеген емге, әсіресе шетелдің тиімді емеу әдістеріне қолы жетпейтін «қарапайым халыққа көмек ету – парыз» деп санайтын Абай Ақатұлы осы жобаны  шын ықыласымен қолға алып, жаттығу әдістерін үйрететін инструкторларды тегін дайындап, оларға барынша қолдау көрсете бастады» деген орталық директоры «Айкүне» жаттығуының қолданысқа ену тарихына тоқталып өтті. Қазіргі кезде  орталықта дайындықтан өткен инструкторлар әлеуметтік салада қызмет көрсетіп жатыр. Олар: Алмалы, Әуезов, Наурызбай аудандарында ашылған «белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында» (центр активного долголетия) , №7 ауруханада, фитнес залдарында халық саулығына орасан зор пайда келтіретін сауықтыру жаттығуларын үйретуде. Сондай-ақ  Достық даңғылында орналасқан «Nova» клиникасы да халыққа пайдалы қызмет көрсетуде.

 

АЛМАТЫ