А.Байханова 1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша, Болашақ университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты.
Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда облысындағы Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының маманы болып бастаған.
1996 жылдан 2002 жылға дейін Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2002 жылы Қызылорда облысы бойынша Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің қаржы мәселелері бойынша соттар әкімшісінің орынбасары болып тағайындалған.
2005-2007 жылдары Астана қаласы бойынша қаржы департаментінде әр түрлі лауазымдарында жұмыс атқарды.
2007-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2009 жылдан 2010 жылға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жиынтық-талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты қызметтерін атқарды.
2010 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеген.
2016 жылдың қазан айынан 2019 жылдың шілдесі аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.
Қарағанды облысы