Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Баянауылда экстремалды спортшылар сайысы өтуде

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын өтетін «Ертіс меридианы» аталатын туристер жиынына еліміздің өңірлерінен 13 команда қатысуда. Биылғы  31-ші слет жастар жылына арналды.

Баянауылда экстремалды спортшылар  сайысы өтуде

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортшылар Баянауылдың өзен-су, тауларында туристерге кездесетін төтенше жағдайлардан қалай сақтану керектігін көрсетті. Сайыста командалар  суда, жаяу жүру және тау туризмі сияқты спорт түрлерінен жарысқа түсті. Қай-қайсысы болмасын  жолдарында кездескен кедергілерден  өтуде шеберліктерін танытты.

Жарыс барысында спортшылар кәдімгідей экстремалды жағдайда жүреді. Мысалы, Жасыбай көлінде спортшы апатқа ұшыраған қайыққа жетті.  Дереу  жетіп, олар зәкір тастап, құтқару арқанын қақпаға лақтырып, жағаға қайтарады. Тағы бір спортшы құтқару арқанының көмегімен шартты түрде суға батып бара жатқан адамды жағаға жеткізді.

Төрешілер экстремалдардың шеберліктерін  жылдам, жоғары, күшті  деп бағалайды. Өйткені, спортшылар кез келген жағдайға дайын болуы керек, жарыстың бірінші күні жауған жаңбыр да кедергі болмауы керек. Спортшылар енді 18 кезеңнен тұратын жаяу кросс жарысына қатысады. Соңында конкурстар, бард әндері мен фотосуреттер конкурсының қорытындысы жарияланады.  

Павлодар облысы