Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Қарағанды облысында Конституция күніне ерекше маңыз беріледі

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында Конституция күні мерекесінде көптеген іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі уақытта өңірдегі қалалар мен елді мекендердің көшелері қызылды-жасылды жалаушалармен, Ата заңның мән-мағынасын арқау еткен баннерлермен және шағын сәулет пішіндерімен безендіріліп, мерекелік кейіпке еніп келеді.

Қарағанды облысында Конституция күніне ерекше маңыз беріледі

Мереке күні кеншілер астанасындағы орталық саябақта қала тұрғындары мен қонақтары театрландырылған қойылымдарды тамашалайтын болады. Бұдан кейін ол жерде концерт болып, вокалдық және хореографиялық ансамбльдер ел алдында өнер көрсетеді. 

Ал кешке қарай Қарағанды қаласының негізі қаланғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы театрландырылған қойылым түрінде көрермен қауымға ұсынылмақшы. Сонымен қатар,  бұл кеште қарағандылықтар алдында қазақ эстрадасының жұлдыздары Айжан Нұрмағамбетова мен Болат Құсайынов өнер көрсетеді. Белгілі қоғам қайраткерлері де ән шырқап, тыңдарман қауымға тосынсый жасамақшы. Ал мерекелік кештің сән-салтанатын отшашулар түйіндейді.

Бұған қоса, мереке қарсаңында Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында салтанатты жиындар өтеді. Бұл күні ерен  еңбегімен, үлгі істерімен, тамаша жетістіктерімен көзге түсіп, назарға іліккен озаттарға жергілікті әкімдіктер тарапынан сый-құрмет көрсетілмекші.

  

Қарағанды облысы