
Суретті түсірген Руфина Торпищева
Бос орындарға үміткерлерді таңдауға арналған HRD Everest жүйесі, «Student Servicing Center» – студенттерге онлайн режимде қызмет көрсету, «OpenU» –онлайн режимде білім алу бағдарламасы, «Education Bot» – Telegram-бот білім беру саласында қызмет алу қосымшасы.
Сонымен қатар, қатысушылар ауаға мониторинг жасау инновациялық жобасымен танысты. Жоба өкпе ауруларын азайту, медициналық диагностикалық білезіктің көмегімен пациенттің денсаулығын бақылайды.
Мамандардың назарына «ТОР» электр мотоциклі, сұрыптық фасонды прокатты өндіру технологиялары ұсынылды.
Шараға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, облыс әкімі Болат Бақауов, айти-технологиялар саласындағы сарапшылар қатысты.
Қатысушылар алдында Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Көшербаев сөз алды. Министр орынбасары жобалардың тиімділігін тілге тиек етіп, олардың пайдалану тиімділігі жөнінде сөз алды.
«Электробайк жасау - бір іс, бұл істі жаппай өнеркәсіпке айналдыру керек. Халықаралық талаптарға сәйкес бизнес жоспар әзірлеп, инвесторларды қызықтыру керек», - дейді Е. Көшербаев.
Форум барысында Astana Hub бас директоры Хаб Joseph Kenneth Ziegler және университет проректоры, Нұрлан Ержанов технопарк пен университет арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Форум шеңберінде хакатондар сериясының жеңімпаздары марапатталды. Жүлде қоры 1,5 млн. теңгені құрады.
ПАВЛОДАР