Қоғам • 27 Тамыз, 2019

Батыр қыздың биігі

786 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санаулы күн бұрын қазақ­стандық белгілі триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіретті. Батыр қыздың Францияның солтүстігі мен Британия аралдарының оң­түстік-шығысын жалғап жат­қан Ла-Манш бұғазының 38 шақырымдық аралығын 15 сағат 15 минут уақыт ішінде гидрокостюм кимей жүзіп өтуі – әлемдік деңгейдегі сенсация.

Батыр қыздың биігі

Бұғаз суының салқын­дығы 15-16 градус қана, ал осындай суға түсіп қана қоймай оны жү­зіп өту ерлікке – пара-пар әрекет екені сөзсіз. Осы жетіс­­тікке орай Мәдениет және спорт министрі Ақто­ты Ра­йым­­құлова өзінің жүрек­жар­ды лебізін білдіріп, алғыс хат жолдады.

«Сіз ерек­ше дарын­­­­­­­ды­­­­­­­лы­­ғыңыз бен еңбек­қор­­лы­ғы­ңыз­дың, қайсар, өр­шіл міне­зіңіз бен жеңіске деген құл­­шынысыңыздың арқа­сында Ұлыбритания мен Фран­­цияның жағалауларын жалғап жатқан әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп, әлемге халқымыздың өршіл ру­хын көрсете білдіңіз. Бұл – нағыз қайсар қазақ қызының биік белесі. Алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізіп, жаңа асуларды  бағын­дыра беріңіз!» делінген алғыс хатта.

Мемлекетіміздің мәрте­бе­сін биіктеткен Ә.Сыт­­ды­қо­ва­ны  Алматы халық­аралық әуе­­­жайында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы қошеметпен қарсы алды. Туған жерге үлкен жеңіс­­пен оралған Әнел  Әлі­бек­­қызына  халқымыздың ыстық ықыласы мен ақ ниетін жет­кізді.

«Жарайсың, Әнел!» дей­міз біз де.

 

Алматы