Әдеби байқау 15 ақпанда басталып, оған 500-ден астам үміткер қатысқан. Алайда бәйге талаптарына сәйкес 300 қатысушы іріктеліп, бақ сынады. Халықаралық жобаның авторы Ринат Дусумов шығармашылық конкурстың өту барысы оңай болмағанын атап өтті. Бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан аталмыш әдеби байқауға биыл Мұса Жәлел өлеңдерін аудару жанры қосылған.
Дослық татар мәдени орталығының төрайымы Яннат Низамутдинованың сөзіне сүйенсек, әдеби бәйгеге қатысқан шығармашылық жұмыстар жинақталып, кітап болып шықпақ. Шара соңында жүлдегерлер он бір номинация бойынша марапатталып, «Жәлел жұлдыздарының» есімдері аталды.