Руханият • 27 Тамыз, 2019

Дәстүрлі музыка орталығында Абай мен Біржанның домбырасы сақталған

437 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлт руханиятын асқақтатып, дәріптеу мақсатында Дәстүрлі музыка ортылығындағы жәдігерлердің тарихына қатысты тың деректер жетерлік. Жазғы  демалыс күндерінде мектеп оқушылары үшін арнайы рухани сағаттар өткізіліп тұратын  Мультимедиялық  дәстүрлі музыка орталығы Елбасының тапсырмасымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай құрылған болатын. Мультимедиялық  дәстүрлі музыка орталығында қазақ халқының ән, күй, ақын-жыраулық өнерін жасаушы және бүгінге жеткізуші өнер тұлғаларының аспап-мұралары орналасқан. Орталықтағы құнды жәдігерлердің тарихымен  http://kazmuscenter.kz сайты арқылы танысуға болады.

Дәстүрлі музыка орталығында Абай мен Біржанның домбырасы сақталған

Орталықтың бел ортасында орналасқан голограммадан төрт өңірдің белгілі өкілдерінің орындауында танымал ән-күйлер мен жырларды тыңдай аласыз. Келесі мультимедиялық зал арқылы қазақ халқының сан ғасырлық өнері мен мәдениетіне саяхаттай отырып, әр өңірде сақталған музыкалық өнеріміз бен бай рухани-мәдениетіміздің терең тарихымен танысатын боласыз.

Дәстүрлі музыка орталығы экспозиясын құрайтын жәдігерлердің саны бүгінде сексенге жуық. Орталық экспозиясы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорында сақтаулы тұрған қазақтың танымал өнер тұлғаларының жәдігерлерінен жасақталды. Экспонаттар қазақтың белгілі өнер тұлғаларының жәдігерлерінен тұрады. Экспонаттар өңірлік төрт мектепке жіктеліп орналасқан: Арқа әншілік, сал-серілік және күйшілік мектебінің аспап жәдігерлері; Жетісу әншілік, жыраулық-жыршылық және күйшілік мектебінің аспап жәдігерлері; Батыс әншілік, жыраулық-жыршылық және күйшілік мектебінің аспап жәдігерлері; Оңтүстік және Сыр бойы әншілік, жыраулық-жыршылық және күйшілік мектебінің аспап жәдігерлері. Біздің орталықта Жетісудің жүйріктері Жамбыл мен Кененнің, Сырдың саңлақтары Нартай мен Мырзабектің (Қызыл жырау), Батыс ән-күй мектебінің көрнекті өкілдері Дина мен Махамбеттің, Арқа әншілік мектебінің тұлғалары Абай мен Біржан салдың домбыралары бар. Сонымен қатар, бұл орталықты Елбасымыз өзі қолдап, арнайы өзі келіп ашып берген болатын. Өзінің қолымен домбырасын сыйлап, белгілі күйші Дина Нұрпейісованың мүсінін орталыққа сыйға тартты.

АЛМАТЫ