Жеңімпазсыз соғыс
Жұма, 15 ақпан 2013 7:21
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды, – деп айта келіп. – Қаза тапқандардың ата-аналары, жақын туыстары мен таныстарының қайғысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын жүректерінде мәңгі сақтайды. Соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету – біздің қасиетті парызымыз» – деген болатын.

Жалын жігер жігіттердің жастық шағына жара түсіріп, болашағына балта шапқан сол 10 жылға созылған соғыстың аяқталғанына 24 жыл болыпты. Дәл сол күні, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауғанстан жерін тастап шықты.
Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген түбіт иек бауырларымызды еске алар күн!
Бұл күн – сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың перзенттерін жоқтаған күні! Бұл күн – бақи болған қаһарман бауырларымызды қатардан іздеген күн! «Интернационализм» деген саясаттандырылған сөздің құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл-талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей дал болған жандардың өзегіне өкінішін жасырған күн!
Бұл күн Ауған соғысы ардагерлеріне қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалса да тәуелсіз Қазақстанның әрбір күні бейбіт өмірдің бесігінде тербетіліп, әрбір үйдің түтінінің түзу шыққанын тілейтін біздер үшін, санамызда қанмен және термен жазылған күн болып қала бермек.
АВТОР.
Ауғанның қанды даласы,
Адамзаттың наласы.
Бүк түсіп жатыр қан құсып,
Қаралы таулар, қарашы.
Адасып барып армандар,
Кабулда күл боп қалғандар.
Гүл болып өніп көгеріп,
Өмірді қайта жалғаңдар.
Арманда кеткен ар үшін,
Ұмытпас елім арысын.
Ту етіп ұстар қашанда,
Тәуелсіз елдің намысын.
Баласын іздеп аналар,
Анасын аңсап балалар.
Жүрекке түскен бомбадай,
Жазылар қашан жаралар?…
Есімде ол күн қаралы,
Зуылдап жылдар барады.
Сарбаздар бәрін біледі,
Ауғаннан қайтқан жаралы.
Ар үшін туған арысым,
Егемен елдің бағы үшін.
Биіктен туың түспесін,
Естіме оқтың дауысын.
Азаттық орнап арман ел,
Құлпырды дала, жайнап көл.
Байрағың басын имесін,
Ауғанда болған ардагер!
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер!
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.
Отан үшін оққа тостың кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.
Кей бауырлар жер жастанып, жерленді,
Жебейді олар аруағымен сендерді.
Аналардың көл боп ақты көз жасы,
Жетімдер мен жесірлерді ойлашы.
Сондай күнді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбандық тек ер басы.
Бүгін біздер сарбазымыз егемен ел қазақтың,
Туды, міне, жас ұрпаққа ғажап күн.
Біздер көрген азаптар тек артта қап,
Енді атса, тек бейбітшілік таңы атсын.
Еске алайық құрметтейік, құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға толып, суық жер де жылысын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгілікке тірісіңдер, тірісің!
Бақытбек СМАҒҰЛ,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының
«Қазақстан ардагерлері»
қауымдастығының төрағасы.