Футбол • 28 Тамыз, 2019

Футбол: «Астана» Беларуссияға аттанды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:00-де Беларусияның Борисов қаласында футболдан Еуропа лигасы аясында жергілікті БАТЭ мен «Астана» арасында қарымта кездесу өтеді.

Футбол: «Астана» Беларуссияға аттанды

«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук алдағы бәсекеде мына ойыншыларға сенім артқан екен:

Қақпашылар – Ненад Эрич, Александр Мокин және Станислав Павлов. Қорғаушылар – Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич және Дмитрий Шомко.

Жартылай қорғаушылар – Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мұжықов, Марин Томасов, Дорин Ротариу және Дидар Жалмұқан.

Шабуылшылар – Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Мұртазаев және Фирмин Мубеле.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда өткен алғашқы матч 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ол голдардың авторлары – Марин Томасов, Юрий Логвиненко және Рунар Мар Сигурьонссон.