Аймақтар • 28 Тамыз, 2019

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облыстық филиалы ашылды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудағы «Достық» үйінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облыстық филиалы ашылды.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облыстық филиалы ашылды

Салтанатты рәсімге қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары көптеп жиналды. Ауқымды істерді межелеп отырған филиал алғашқы сәттен-ақ елді елең еткізді. Алдымен «Мектепке жол» акциясы аясында бірнеше балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді. Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы филиалдарының басшысы Қарлығаш Бекпатшақызының айтуынша, басты мақсат алыстан келген ағайын мен байырғы тұрғындар арасындағы байланысты нығайту. Төртеу түгел жерде төбедегі келеді емес пе? Қажет болып жатса жәрдем сұрай келген қандастарға да қамқорлық көрсетпек. Мәселен, құжат рәсімдеуден бастап, тіршіліктегі саналуан түйткілдерді шешуге келелі кеңес беру де көзделген.

Ақмола облыстық  ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Омарәлі Әділбек және басқа да жанашыр адамдар бұл бастама алдағы ауқымды шаралардың негізін қалайтындығына сенім білдірді.