Токиода дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған бәсеке барысында 143 мемлекеттен келген 828 балуан 14 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Күншығыс еліне аттанған Қазақстан құрамасы жалғыз ғана жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен Елдос Сметов қола медальды мойнына ілді.

Бірден айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы үшін бұл жаман нәтиже емес. Мәселен, 1993-2018 жылдар аралығында айтулы жарыстың жалауы 16 мәрте желбіреді. Сол бәсекелердің 10-ынан қоржынымыз бос қайтты. Небәрі 6 жарыста ғана бағымыз жанды. Атап айтсақ, жерлестеріміз 2001 жылы Мюнхенде 2 қола (Асхат Шахаров пен Асхат Житкеев), 2009 жылы Роттердамда 1 алтын (Максим Раков), 2011 жылы Парижде 1 күміс (Максим Раков), 2013 жылы Рио-де-Жанейрода 1 күміс (Азамат Мұқанов), 2015 жылы Нұр-Сұлтанда 1 алтын мен 1 күміс (Елдос Сметов пен Рустам Ыбыраев) және 2018 жылы Бакуде 1 күміске (Ерлан Серікжанов) иелік етті. Бар-жоғы 8 жүлде (2 алтын + 4 күміс + 2 қола).
Токиодағы әлем чемпионатында қазақстандықтар арасынан 60 кило салмақ дәрежесінде белдескен Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың ғана өнері көпшілік көңілінен шықты. Шыны керек, Елдостың бастапқы бәсекелердегі қарсыластары – кувейттік Сауд Аламири мен йемендік Әли Хосрофтың есімі қалың көрерменге мүлде таныс емес. Сондықтан да олар қандасымызға еш қиындық туғызған жоқ. Алғашқы айналымдарда жолыққандардың арасында ең әккісі Элиос Манци еді. Италиялық балуанның Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері деген атағы бар Сметов Манциді ұтты. Бірақ төртінші кездесуінде Елдос 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, жапониялық Рюдзю Нагаямаға екі вазаримен жеңілді. Осы сәтсіздіктің салдарынан қазақтың ұлы бас жүлде үшін таласу мүмкіндігінен айырылды. Жұбаныш белдесуінде ол тайпейлік Юн Вей Яннан басым түсті.
Келесі топта Ғұсман Қырғызбаевтың қарқыны өте күшті болды. Гватемала, Болгария және Қырғызстанның өкілдерінен бөлек, ол Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Панамерика ойындарының жеңімпазы, бразилиялық Филипе Китадайды және әлем чемпионаты мен Еуропа ойындарында екі реттен жеңіс тұғырына көтеріліп, құрлық чемпионы атанған грузиялық Амиран Папинашвилиге сан соқтырды. Алайда жартылай финалда өзбекстандық Шарафуддин Лутфуллаевқа жол берді. Осылайша, елішілік жарыстарда жиі жолығып жүрген қос қандасымыздың жолы Токио төрінде қайта қиысты. Бұл тартыс Елдос Сметовтің (суретте) жеңісімен аяқталып, қола медальды иеленсе, Ғұсман бесінші сатыға табан тіреді.
Елдос Жұмаханов пен Ерлан Серікжанов (66 кило), Жансай Смағұлов (73 кило), Дидар Хамза (81 кило) және Айбек Серікбаев (100 кило) өздерінің тұсаукесер кездесулерінде қарсыластарына тізе бүкті. Руслан Мұсаев (81 кило) пен Ислам Бозбаев (90 кило) екінші кезеңде жеңіліс тапты. Сөйтіп сенім артқан серкелеріміз жарыстың бел ортасына жетпей сүрінді. Біз соған күйіндік. Елдос пен Айбектің болгариялық Божидар Темелков пен Даниел Дичевті, Жансайдың израильдік Тохар Бутбулды және Дидардың германиялық Доминик Ресселді жеңетіндей жөні бар еді. Олардың пәлендей атақтары жоқ. Шеберлік деңгейлері де біздің жігіттерден еш артық емес.
Ал Руслан Мұсаевқа еш өкпелей алмаймыз. Ол тым күшті қарсыласқа тап болды. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Израильдің мықтысы, Еуропа ойындары мен Еуропа біріншілігінің жеңімпазы Саги Мукиге Руслан Мұсаевтың әлі жетпеді. Сол секілді Ерлан Серікжановтың да қарсыласы азулы еді. Әзербайжандық Нижат Шихализаденің әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері деген атағы бар. Жасы 30-дан асқан саңлақ одан да басқа дүбірлі додаларда атой салған. Десек те қазақ балуаны да қара жаяу емес еді. Ол былтыр әлем чемпионатында күміс медальды мойнында жарқыратып, Азия біріншілігінде алдына жан салмады. Десек те бұл бәсекеде Шихализаде шаң қаптырып кетті.
Ал әйелдердің жай-күйі белгілі. Біраз уақыттан бері жаһандық жарыстарда тек аса жеңіл салмақтағы Отгонцэцэг Галбадрахқа ғана үміт артып келеміз. Бірақ бұл жолы оның да бағы жанбады. Израиль мен Колумбиядан келген қыздарды қапы қалдырған қазақстандық дзюдошы одан кейін өзінің сыралғы қарсыласы, моңғолиялық Ұранцэцэг Мұңхбат пен испаниялық Лаура Мартинез Абелендеге жол беріп, жетінші орынды қанағат тұтты. Ең үздік нәтижеміз осы. Ал өзге қыздарымыздың барлығы да алғашқы айналымнан кейін көрермендер қатарына қосылды.
Ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер
60 кило: 1. Лукум Чхвимиани (Грузия), 2. Шарафуддин Лутфуллаев (Өзбекстан), 3. Елдос Сметов (Қазақстан) пен Рюдзю Нагаяма (Жапония).
66 кило: 1. Дзесиро Наруяма (Жапония), 2. Ким Ним Хван (Оңтүстік Корея),
3. Хифумэ Абе (Жапония) мен Денис Виеру (Молдова).
73 кило: 1. Сехэй Оно (Жапония), 2. Рустам Оруджев (Әзербайжан), 3. Хидаят Гейдаров (Әзербайжан) пен Денис Ярцев (Ресей).
81 кило: 1. Саги Муки (Израиль), 2. Маттиас Кассе (Бельгия), 3. Антуан-Валуа Фортье (Канада) мен Лука Майсурадзе (Грузия).
90 кило: 1. Ноэл ван т’ Энд (Голландия), 2.Сейтиро Мухай (Жапония), 3. Аксель Клерже (Франция) мен Немания Майдов (Сербия).
100 кило: 1.Жорже Фонсека (Португалия), 2. Нияз Ілиясов (Ресей), 3. Микаэль Коррел (Голландия) мен Аорон Вольф (Жапония).
+100 кило: 1. Лукаш Крпалек (Чехия), 2. Хисаеши Харасава (Жапония), 3. Ким Мин Йонг (Оңтүстік Корея) пен Рой Мейер (Голландия).
Әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер
48 кило: 1. Дарья Белодед (Украина), 2. Фуна Тонки (Жапония), 3. Ұранцэцэг Мұңхбат (Моңғолия) пен Дистрия Красники (Косово)
52 кило: 1. Ута Абэ (Жапония), 2. Наталья Кузютина (Ресей), 3. Мейлинда Келменди (Косово) мен Аи Сисимэ (Жапония).
57 кило: 1. Криста Дегучи (Канада), 2. Цукаса Есида (Жапония), 3. Юлия Ковальчик (Польша) пен Рафаэла Силва (Бразилия).
63 кило: 1. Кларисс Агбеньбену (Франция), 2. Мику Тасиро (Жапония),
3. Мартина Трайдос (Германия) пен Фул Франссен (Голландия)
70 кило: 1. Мари-Ив Гайе (Франция), 2. Барбара Тиму (Португалия), 3.Салли Конвэй (Ұлыбритания) мен Марго Пино (Франция).
78 кило: 1. Маделайна Малонга (Франция), 2. Сори Хамада (Жапония),
3. Лориана Кука (Косово) мен Майра Агияр (Бразилия).
+78 кило: 1.Акира Санэ (Жапония), 2. Идалис Ортис (Куба), 3. Кайра Сают (Түркия) пен Сара Асахина (Жапония).
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар