Президент • 02 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев: Этносаралық татулық пен дінаралық түсінушілікті қалыптастыра беруіміз қажет

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6-шақырылымдағы Парламенттің 5-ші сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық татулық пен дінаралық түсінушілікті қалыптастыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Этносаралық татулық пен дінаралық түсінушілікті қалыптастыра беруіміз қажет

- Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсінушілікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымыз ел бірлігінің әр алуандылығында. Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.