Президент • 02 Қыркүйек, 2019

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға 58 млрд теңге бөлінеді

745 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты.  

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға 58 млрд теңге бөлінеді

«Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен де ерекше жұмыс жүргізген абзал. Тек ресми статистикаға сүйенсек, елімізде мүмкіндігі шектеулі 80 мың бала бар. Үкімет сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық және әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмысына маңыз беруі тиіс. Үкіметке бұл бағытта алдағы үш жылда 58 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.