Қазақстанда өтетін турнирлер:
Волейболдан ҚР кубогі, 02-09 қыркүйек, Өскемен;
Садақ атудан Қазақстан чемпионаты, 04-11 қыркүйек, Талғар;
Академиялық есуден Қазақстан кубогінің кезеңі, 06-08 қыркүйек, Павлодар;
Көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты, 09-19 қыркүйек, Талдықорған.
Ат спортынан өтетін турнир, 11-16 қыркүйек, Алматы;
Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогінің финалы, 14-22 қыркүйек, Өскемен;
Регбиден Қазақстан чемпионаты, 15-25 қыркүйек, Талдықорған;
Бадминтоннан жастар арасындағы ел біріншілігі, 18-24 қыркүйек, Қостанай; Ат спортынан Қазақстан кубогі, 20-22 қыркүйек, Талғар;
Нысана көздеуден Қазақстан кубогінің финалы, 24-30 қыркүйек, Алматы;
Көркем гимнастикадан Қазақстан кубогі, 25-30 қыркүйек, Қарағанды;
Үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының үшінші айналысы, 26-29 қыркүйек, Алматы;
Каратеден Қазақстан чемпионаты, 26-30 қыркүйек, Шымкент;
Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогінің финалы, 28 қыркүйек – 6 қазан;
Үстел теннисінен «Оңтүстік астана» турнирі, 30 қыркүйек – 3 қазан, Алматы.
Халықаралық турнирлер:
Тректегі велоспорттан Гран-при турнирі, 03-07 қыркүйек, Омск (Ресей);
Қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты, 03-09 қыркүйек, Будапешт (Венгрия); Каратеден Премьер-лига, 04-09 қыркүйек, Токио (Жапония);
Маунтинбайктан рейтингілік турнирлер, 04-27 қыркүйек, Түркия, Израиль, Румыния, Хорватия;
Жағажай волейболынан 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі, 07-15 қыркүйек (Мальдив аралдары)
Таеквондодан халықаралық Гран-при турнирі, 8-18 қыркүйек
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты, 9-21 қыркүйек, Екатеринбург, (Ресей); Регби-7 спортынан Азия сериясы, 13-16 қыркүйек, Хойчжоу (Қытай);
Күрес түрлерінен әлем чемпионат, 14-22 қыркүйек, Нұр-Сұлтан;
Үстел теннисінен Азия чемпионаты, 14-22 қыркүйек, Джакарта (Индонезия);
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты, 18-27 қыркүйек, Патайя (Тайланд);
Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты, 16-22 қыркүйек, Баку (Әзірбайжан);
Каратеден А сериясы халықаралық турнирі, 18-23 қыркүйек, Сантьяго (Чили); Дзюдодан Гран-при турнирі, 19-23 қыркүйек, Ташкент (Өзбекстан);
Батуттағы гимнастикадан әлем кубогі кезеңі, 19-23 қыркүйек, Хабаровск (Ресей);
Ат спортынан халықаралық турнир, 19-30 қыркүйек, Ратомка (Беларусь);
Стенд атудан Азия чемпионаты, 20-30 қыркүйек, Алматы облысы;
Гандболдан Азия чемпионаты, 21-29 қыркүйек, Қытай;
Велоспорттан әлем чемпионаты, 22-29 қыркүйек, Харрогейт/Йоркшир (Ұлыбритания);
Байдарка мен каноеде слаломды есуден әлем чемпионаты, 22 қыркүйек – 3 қазан, Ла Сеу Де Уржель (Испания);
Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты, 25-28 қыркүйек, Алматы; Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты, 27 қыркүйек – 05 қазан, Доха (Катар).