15 Наурыз, 2013

Көрмеге әзірлену тәжірибесімен танысуда

312 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Көрмеге әзірлену тәжірибесімен танысуда

Жұма, 15 наурыз 2013 1:31

Миланда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бастаған Қазақстан делегациясының «ЭКСПО-2015 Милан» компаниясының атқарушы директоры Джузеппе Сала және Милан қаласы әкімдігінің бас­шылығымен кездесулері өтті. Делегация құрамында ҚР СІМ жауапты хатшысы, Ха­­лық­аралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Р.Жо­шы­баев, «ЭКСПО-2017 Ас­та­­­на» ұлттық компаниясы» АҚ Пре­­­­­зиденті Т.Ермегияев және Қа­зақ­станның Италиядағы елшісі А.Елемесов болды.

Жұма, 15 наурыз 2013 1:31

Миланда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бастаған Қазақстан делегациясының «ЭКСПО-2015 Милан» компаниясының атқарушы директоры Джузеппе Сала және Милан қаласы әкімдігінің бас­шылығымен кездесулері өтті. Делегация құрамында ҚР СІМ жауапты хатшысы, Ха­­лық­аралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Р.Жо­шы­баев, «ЭКСПО-2017 Ас­та­­­на» ұлттық компаниясы» АҚ Пре­­­­­зиденті Т.Ермегияев және Қа­зақ­станның Италиядағы елшісі А.Елемесов болды. Кездесулер барысында қазақстандық тарап Италия үкіметіне халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізуде Қа­зақстанның кандидатурасын қол­дағаны үшін ризашылығын біл­діріп, италиялық компания­ларды іс-шараны дайындауға белсенді түрде қатысуға шақырды. Астанада өтетін көрме баламалы энергетиканы құру мен қолдануға үлкен үлес қосады, ең үздік әлемдік технологияларды кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді және энергетикалық тиім­ді бағдарламалар мен жаңа шешімдерді ілгерілетуге көмек­теседі, деп атап өтілді. Қазақстанда Итальян компаниялары баламалы энергетика, құрылыс пен туризм салаларында ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізуге белсенді түрде қатысады деп күтілуде.

Өз кезегінде Джузеппе Сала Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орны болып сайлануын қуана қабыл алып, алдағы әлемдік деңгейдегі іс-шара тек Астананың ғана емес, тұтас Қазақстанның да дамуына қосымша серпін береді, деп атап өтті. Ол Италия тарапы ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізуде Қазақстанға қажетті көмек көрсетеді деп сендіріп, Миланда өтетін ЭКСПО-2015-тің тақырыбы «Планета үшін тағам, өмір сүруге қуат» болғандығын айтып, мұның қазақстандық көрменің тақырыбымен үндес екендігіне назар аударды.

Келіссөздер барысында тараптар Миландағы ЭКСПО-2015 және Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмелерін дайындаудағы қыз­метті үйлестіру жөнінде бірлесіп жұмыс жасау қажеттілігі атап өтілді. Ұйымдастырушылық мәсе­лелер жөнінде ақпаратты жедел түрде алмасу мақсатында, екі елдің көрмелерді дайындаумен айналысатын мемлекеттік органдары мен ұлттық компаниялары арасында тұрақты байланыстарды жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Сапар барысында қазақстандық делегация ЭКСПО-2015-тің құ­рылыс алаңымен танысты. Италия үкіметі Миландағы ЭКСПО-ны дайындауға 13,2 млрд. еуро бөлді. Мұның сыртында 14 млрд. еуродай тікелей инвестиция жасалады деп күтілуде. Көрме өтетін күндері Милан қаласы 20 млн. адамға дейін қонақ қабылдамақ. Көрменің жалпы алаңы 110 гектарды құрайды. Көрме өткізу үшін Expo Village жаңа тұрғын қалашығы, бірқатар жаңа қонақ үйлер мен ірі кемпинг салынады. Қатысушы елдердің павильондары 4 категорияға (A, B, C және D) бөлінген. Бірқатар үйлер мен ғимараттар, соның ішінде ресми рәсімдер мен қабылдаулар өтетін Италия сарайы, мәдени іс-шараларды өткізуге арналған 24 мың көрермен сиятын арена, 8 мың көрермен сиятын амфитеатр құрылысы жоспарлануда. Көрме Милан мен Ломбардия үшін ғана емес, жалпы ел үшін ең ірі оқиға болады және Италияның экономикалық дамуына қосымша серпін береді деп күтілуде.

«Егемен-ақпарат».