Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2019

Алаш тарихына арналған жинақ шықты

397 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орал қаласында белгілі қаламгер, журналистика саласының ардагері, осыдан бір жыл бұрын дүниеден өткен Амантай Боранқұл ағамызды еске алу кеші өтті. Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық кітапханасында болған шара өлкетанушының әріптестері, туыстары жиналды. Осы кеште «Азаттық жолындағы азапты өмір» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Алаш тарихына арналған жинақ шықты

Ұзақ жыл жергілікті басылым­дар­да қызмет етіп, Жымпиты аудан­дық архивін де басқарған Амантай Әбузарұлы Алаш қозғалысы тақы­ры­­бына алдымен қалам тербеген өлке­танушылардың бірі еді. Әсі­ре­­се өзі жақсы білетін Күнбатыс Алашорда ту­ралы тыңнан түрен салған қалам­гер 1997 жылы «Жазықсыз жа­за­­лан­­ған боздақтар», 1998 жылы «Ал­аш­ор­да – тәуелсіздік бас­тауы» кітап­та­рын жарыққа шығарды. Алаш қоз­ға­лы­сының 90 жылдығына орай «Тә­уел­сіз­дік тірегі – Алашорда» атты кі­та­бы жарық көрді. 2012 жылы Жа­һан­ша Досмұхамедұлының 125 жыл­ды­ғы­на орай «Асыл тұлға» кітабы баспадан шықты. Енді, міне, Амантай ағаның соңында қалған еңбектерін жары Күләш пен ұрпақтары жинақтап, «Азаттық жолындағы азапты өмір» атты ғылыми-публицистикалық жинақ етіп шығарыпты.

– Амантай Боранқұл ағамыздың көзі тірісінде жинақтаған соңғы ең­бегі Жаһанша Досмұхамедұлының қоғам­дық-саяси қызметіне және сая­­си­ қу­далау кезіндегі азапты өмі­рі­не ар­нал­ған еді. Қаламгердің ұрпақ­та­ры­ның ыждағаттылығымен жарияланып отырған «Азаттық жолындағы азапты өмір» атты жаңа туындысы да көпшілік оқырман көңілінен шы­ғып, тұлғалар тарихын зерттеуші ма­ман­дардың қажетіне жарайды деп есептейміз. Бұл кітапта ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайларға байланысты Ж.Досмұхамедұлының дүниетанымының пайда болуы мен тұлғалық қалыптасуына ықпал еткен негізгі факторлар кеңінен қарас­ты­рылған. 1917 жылғы қос революция және азамат соғысы кезеңінде Жа­һан­шаның қазақ съездерін өткізудегі, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құрудағы қажырлы еңбегі, Алашорданың Күнбатыс бөлімшесін бас­қарудағы тарихи рөлі жан-жақ­ты зерделенген. Сонымен бірге Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметі тұ­­сындағы Ташкенттегі, Мәскеудегі қыз­­меттері де қамтылып, саяси қуғын-сүргін жылдарындағы өмірінің соңғы кезеңі өте әсерлі баяндалған, дейді осы жинаққа рецензия жазған тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаров.

Кітаптың тұсаукесер жиынына қа­тыс­қан белгілі өлкетанушы Жайсаң Ақбай, Қазақстан Жазушылар ода­ғының мүшесі, ақын Айтқали Нәрі­ков, Алматыдан келген профессор, экономика ғылымдарының докторы Меңдеш Исқалиев, Жаһанша Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәметкен Сүлейменова, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин және басқа көптеген әріптесі Амантай Боранқұлдың асыл бейнесін, қарапайымдылығын, еңбек­қор­лығын сағына еске алды. Әке мұ­ра­сына адалдық танытып, өлке­та­ну­шы­ның еңбегін қайта тірілткен, сапалы жинақ етіп, оқырман қолына ұстатқан қыздарына алғыс айтты.

 

Батыс Қазақстан облысы