Үкімет • 05 Қыркүйек, 2019

Бағдарламалардың орындалу барысымен танысты

318 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы өңірде мемлекеттік бағдарламаларға сай атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Бағдарламалардың орындалу барысымен танысты

Батыс Қазақстан облысында Қа­зақ­стан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама­шы болған «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», Индустриялық-инновациялық да­му мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қалай? Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір­лер экономикаларын дамыту жөнін­дегі тапсырмаларының орындалуы қалай жүзеге асуда? Үкімет басшы­сының Ақжайық өңіріне сапары осы мәселелерді қамтыды.

Үкімет басшысы ең алдымен Бөр­лі және Бәйтерек аудандарында орна­ласқан Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсатты кен орындарында болды. Бұл жерде Премьер-Ми­нистр «Қарашығанақ Петролиум Опе­рей­тинг Б.В.» және «Жайықмұнай» ЖШС кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Түстен кейін Орал қаласына келген Асқар Мамин өңірдегі азық-түлік, жи­һаз, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары «Желаев астық өнімдері комбинаты», «Күблей» ЖШС консерві зауыты, «Аквакультура тәжірибелік-өнер­кәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кеше­ні», «Квант» корпусты жиһаз өнді­ретін фабрика, «Болашақ-Т» тұрғын үй құрылысы комбинаты, Орал трансформатор зауыты, шиналар мен құрамында резеңке бар қалдықтарды өңдейтін «Кама Центр» кәсіпорны секілді бір­қатар ірі кәсіпорынды аралады.

12 300 га алқапқа егін өсіріп, астық өнімдерінің толық циклын игер­ген кәсіпорын өз өнімінің 50%-ын экс­портқа – Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан және Түрікменстанға шығарады. Пре­мьер-Министр экспорт көлемін одан әрі ұлғайту үшін еліміздің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары алдында қандай кедергі бар екенін сұрап білді. Кейбір үкіметтік субсидияның қысқаруының теріс әсерін зерттеу үшін Ауыл шаруашылығы вице-министріне тапсырма берді.

Өнімінің 95%-ын Ресейге, Грузияға, Әзербайжанға және Арменияға экспорттап отырған Орал трансформатор зауыты еліміздегі Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағ­дарламасы аясында ашылған болатын. Зауыттың басқарушы директоры Ақжол Сауранбаев мұнда үш ауысымда 300-ден астам адам жұмыс істейтінін, биыл өндіріс өсімі 35%-ды құрап, жалпы саны 9 мың трансформатор шығару жоспарланғанын айтты. Келесі жылы кәсіпорын жобалық қуатына толық еніп, өндіріс көлемін жылына 12 мың трансформаторға дейін арттырмақ.

Зауыт келер жылы панельді радиа­тор­лардың жаңа өндірісін іске қосуды да жоспарлап отыр. Өндіріс қуаты жылына 3000 тонна радиатор шығаруға жетеді. Өнімнің 30%-ы ішкі нарыққа жіберілсе, 70%-ы экспортталмақ. Кәсіпорында қосымша 100-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады.

Қаланы жылумен және ыстық сумен қамтитын «Жайықжылуқуат» АҚ кәсіпорнын аралау барысында Премьер-Министр өңірді энергиямен жабдықтау саласындағы жағдаймен, сондай-ақ жергілікті табиғи монополиялар субъек­тілерінің жұмысымен танысты. 100% акциясы Орал қалалық әкімдігіне тиесілі «Жайықжылуқуат» мекемесі жы­лына 300 млн кВт/сағат электр қуа­тын, 1,0 млн Гкал жылу өндіреді. Жылу мау­сымы Орал қаласында 200 күнге созы­лады, жылу жүйесінде температура 105-70°С талап етіледі. Орал жылу-қуат ор­талығының қуат беретін және су қайна­татын қазандықтары табиғи газбен жұмыс істейді.

Асқар Мамин Орал қаласындағы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­лама­сы аясында салынып жатқан «Ақжа­йық» жаңа шағын ауданының және 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысының барысымен танысты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы құрылған «Болашақ-Т» ЖШС бес жыл ішінде 230 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға беріпті. Кәсіпорын директоры Асқар Қощанов Үкімет басшысына үй құрылысы комбинатының қуатын бұдан да арттыру жоспарланғанын айтты. Премьер-Министр комбинат басшысынан ірі панельді технологиямен салынған үй сапасы тұрғындардың көңілінен қалай шығып жатқанына назар аударды.

Бұдан кейін Үкімет басшысы Жо­ғары аграрлық-техникалық колледжін аралап, оқу орнының оқытушылары әзір­леген ғимараттар мен нысандардың 3D-жобалау жүйесінің жұмысын көрді. Сондай-ақ өңірді цифрландыру жобаларымен танысты. Айта кетейік, аталған колледж әкімшілігі Финлян­дияның «Каларамп» компаниясымен келісімшартқа отырып, оқытушылар сол елде тәжірибеден өткен болатын.

 

Батыс Қазақстан облысы