Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №486
Сенбі, 12 қаңтар 2013 5:50
2012 жылғы 9 қараша, Астана қаласы
«Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Сенбі, 12 қаңтар 2013 5:50
2012 жылғы 9 қараша, Астана қаласы
«Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Бұйырамын:
1.«Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4337 болып тіркелген, 2006 жылғы 1 қарашада «Юридическая газета» газетінде жарияланған, № 191 (1171)) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынандай редакцияда жазылсын:
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның (бұдан әрі – кәсіби ұйым) аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар (бұдан әрі – сертификат) беру тәртібін айқындайды.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіби ұйымда аудиторлардың біліктілігін тұрақты арттырудың мақсаты аудиторлар меңгерген кәсіби білімдер мен дағдыларды тереңдету, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ аудит жөнінде ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.
4. Аудиторлардың біліктілігін арттыру кәсіби ұйымның басшысы бекіткен біліктілікті арттырудың жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі, ол кәсіби ұйымның ресми сайтында орналастырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сертификат беру үшін кәсіби ұйым:
өзінің мүшелерін халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына, сондай-ақ аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері мәселелері бойынша оқытады;
тыңдаушыларды тиісті оқу материалдарымен қамтамасыз етеді;
қазіргі заманғы оқу-материалдық база құрады.».
2.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және кейіннен оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 7 желтоқсан Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8131 болып енгізілді.