«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік - қастерлі құндылықтарымыз. Билік пен қоғам, ең алдымен, Тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайту үшін қызмет етеді. Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылады екен немесе көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Шараға Кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысуда.