Президент • 06 Қыркүйек, 2019

Бірлескен жұмысымыз үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған - Қ.Тоқаев

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты. 

Бірлескен жұмысымыз үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған - Қ.Тоқаев

«Менің Қазақстан халқына Жолдауымның негізін қоғамдық тілектер мен сұраныстар құрады. Жолдауда айтылған бастамаларды Ұлттық кеңес шеңберінде пысықтауға және дамытуға болады. Сонымен қатар, біздің бірлескен жұмысымыздың бастапқы шарттары келесі оң факторлармен қамтамасыз етілген. Біріншіден, пікір плюрализмі. Ұлттық кеңесте түрлі әлеуметтік және кәсіби топтар, сондай-ақ экономикалық және саяси көзқарастар мен ұстанымдардың кең спектрі ұсынылған. Екіншіден, қоғамдық диалогты институттандыру. Біздің бірлескен жұмысымыз үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған»,- деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Шараға Кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысуда.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025