Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1128
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:13
2012 жылғы 31 тамыз Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:13
2012 жылғы 31 тамыз Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
(Жалғасы. Басы өткен 778-784, 842-846-нөмірлерде).
5. Шағымдану тәртібі
20. Осы стандарттың 21-тармағында уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауда жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.
Орталық филиалы қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны (1414) және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша;
1) уәкілетті органның басшысына, азаматтарды қабылдау кестесі уәкілетті органның интернет-ресурсында www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша орналасқан;
2) уәкілетті органның 8 (7172) 74-22-43, 74-19-45 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;
3) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсындағы «сұрақ-жауап» деген бөліміне;
4) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсындағы уәкілетті орган басшысының блогына («Уәкілетті орган төрағасының блогы» парағына);
5) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кірберіс мекенжай бойынша уәкілетті органда орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
6) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кірберіс мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне жазбаша шағым беру арқылы жолданады.
22. Мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде дөрекі қызмет көрсету туралы шағымды тұтынушы шағым жасау арқылы:
1) орталықтың филиалына мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген орталық филиалының тікелей басшысына не орталықтың басшысына беріледі;
2) порталда – call-орталығының телефон нөмірі бойынша (1414).
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағым құзыретіне шағымда көтерілген мәселелерді шешу кіретін субъектінің немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуге тиіс.
Шағымда шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжат болған кезде), пошталық мекенжайы, шағымның күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде іс-әрекеттеріне шағым беріліп отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі және аты-жөні, шағым беру себебі мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым уәкілетті органның ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Орталықта қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымдардың қабылданғанын растау оларды орталықтың кеңсесiнде оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
Мемлекеттік қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын талон береді, онда шағымның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға почта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Портал арқылы электрондық өтінішті жібергеннен кейін порталда мемлекеттік қызмет алушы өзінің «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, осы ақпарат мемлекеттік орган өтінішті өңдеген кезде жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің орталығы мына мекенжайы бойынша орналасқан: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
(Жалғасы бар).