16 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №358

263 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №358


Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:17

2012 жыл 3 қазан Астана қаласы

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:17

2012 жыл 3 қазан Астана қаласы

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (А.А. Тұрлубек) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Министр Ә. ИСЕКЕШЕВ.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы №358 бұйрығымен бекітілген

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қызмет тәртібін айқындайды.
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Комиссияның негізгі міндеті заңды тұлғалардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы құжаттарын қарастыру болып табылады.
2. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4. Комиссия құрамын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығы бекітеді.
5. Комиссия құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның өкілдері кіреді.
6. Комиссияны төраға басқарады, ол Комиссияның қызметін басқарады, Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімінің асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.
7. Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жүзеге асырады.
8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді және Комиссия мәжілісінің хаттамасын жасайды.
Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
9. Комиссияның жұмыс мәжілісінің материалдары Комиссия мүшелерінің әрқайсысына мәжілістің болуына кем дегенде бес жұмыс күні қалғанда жеткізіледі.
10. Комиссия мәжілісі айына екі рет жүргізіледі және оған Комиссияның жалпы мүшелер санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып табылады.
3. Комиссияда материалдарды қарау
11. Комиссия аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды қарауды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға құжаттар түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
12. Комиссия аккредиттеу туралы куәліктің берілуі немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Комиссия қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған төрағалық етуші, қатысушы мүшелер және Комиссия хатшысы қол қояды.
13. Комиссия шешімінің қорытындылары бойынша уәкілетті орган заңды тұлғаға аккредиттеу туралы куәлікті береді не аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартуды сәйкесінше шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
14. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері білдірілген жағдайда, олар жазбаша түрде жазылады және Комиссия хаттамасына қоса беріледі.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 12 қарашада Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8074 болып енгізілді.