Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы № 312
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:18
2012 жылғы 9 қараша, Астана қаласы
«Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:18
2012 жылғы 9 қараша, Астана қаласы
«Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 8-бабының 6-тармағына және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 8 бабының 1тармағына сәйкес, бұйырамын:
«Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6388 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйры-ғына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 8-бабының 6-тармағына және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес, бұйырамын:»
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесінде:
3-тармақтың 3) ,4) тармақшалары алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дерекқорды (электронды түрде сақталатын ақпараттық дерекқорларды) қайта сәйкестен-дірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ғылыми қызмет субъектілерінің (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаны іске асырушы ұйымдар) жазбаша сұрау салуы жағдайында (бұдан әрі – сұрау салу) білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензияның көшірмесі мен лицензияға қосымшалары қоса берілуімен жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Құрылымдық бөлімше сұралатын дерекқорды олардың қалыптасқандығын, нақты барын және қайта сәйкестендіру үшін техникалық мүмкіндігін анықтай отырып ұсыну мүмкіндігін қарастырады. Құрылымдық бөлімше «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпарат-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ведомствоға бағынысты ұйым) респондетті тікелей немесе жанама белгілеу немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді анықтау мүмкіндігін қоспағанда, дерекқорды қайта сәйкестендірген күйде қалыптастыру үшін жазбаша сұрау салу жібереді. Ведомствоға бағынысты ұйым респондет туралы сәйкестендірілген ақпаратты (респонденттің тегі, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның атауы, кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші бойынша коды, бизнес-сәйкестендірілген нөмірі және тағы басқа) орнына нөмірлеуді қолдана отырып жояды.»;
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) субъектінің негізгі іскерлігінің мәні ғылыми және ғылыми-техникалық іскерлік болып табылатындығын растайтын құжаттарды ұсынбау: білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензия мен лицензияға қосымшалардың көшірмелері;».
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті (С.С. Жасұзақов) белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің және «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына (Н.С Айдапкелов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә.СМАЙЫЛОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 24 қарашадағы Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8109 болып енгізілді.