Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2019

«Astana Marathon-2019» спорттық шарасына 27 елдің өкілі қатысты

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Astana Marathon-2019» марафонына 5 мың адам қатысты. Арнайы марафон үшін елордаға 27 елдің өкілі келген.

«Astana Marathon-2019» спорттық шарасына 27 елдің өкілі қатысты

astana.gov.kz

«Барлық қатысушыларды Astana Marathon 2019 ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға шақырады. Ауа-райына және демалыс күндеріне қарамастан, сіздер берілген қашықтықтарды жүгіріп өтуге ниет білдірудесіздер. Astana Marathon 2019 Елбасы жариялаған Жастар жылының аясында өтіп жатыр. Біз барлық спорт түрлерін дамытуға бар күшімізді саламыз. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деді А. Көлгінов.

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүгірушілерге 10 және 42 км қашықтықтары ұсынылды. Марафонға Серік Сәпиев, Мерей Ақшалов, Мейірім Нұрсұлтанов және т. б. атақты спортшылар қатысты.

ҚазАқпарат тілшісінің мәліметінше, 10 шақырымда алдына жан салмаған қостанайлық Татьяна Ярослава 1-орынды жеңiп алды. Ол финишке 35,9 минутта жеттi. Ұйымдастырушылар жеңімпазға 30 мың теңгенiң сертификаты мен ұшақ билетін табыстады. Екінші болып 38,6 минуттық кɵрсеткiшпен Мадина Керiмова жетті және 25 мың теңгенің сертификатына ие болды. 39,20 минут кɵрсеткiшпен Тиісінше үшінші орынға Марина Мотросова тұрақтады. Оның көрсеткіші 39,20 минут. Ол да қола жүлдемен қатар 20 мың теңгенің сыйақысымен марапатталды. Ал ерлер арасында дәл осы қашықтықта 31,25 минут көрсеткішпен Алексей Гусанов жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Данияр Арманғали иемденді, оның көрсеткіші 32,32 минут. Және қола медальді Александр Сокуров қанжығасына байлады. Ол мәре сызығын 32,5 минутта кесіп өтті. Ерлерге де тиісінше 30, 25 және мың теңгенің ақшалай сыйақылары мен ұшақ билеттері табыс етілді.