Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда оқушылар Өнер пәнін киіз үйде өтеді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнер пәні кабинеті киіз үйде ашылды. Бұл Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі жаңа оқу жылындағы кезекті жаңалық. Салтанатты шараға жиналған қонақтар шеберлік сағатын тамашалады. Мұнда өнер пәнінің мұғалімдері мен талантты зияткерлер өз жұмыстары туралы айтып берді.

Маңғыстауда оқушылар Өнер пәнін киіз үйде өтеді

Мектеп директоры Ермек Пайзовтың айтуынша, енді оқушылар қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін, өнерін киіз үйде тұрақты түрде сабақ өту арқылы зерттейтін болады.

- Қазақы үй орнату туралы мектептің ашылған кезінен ойлап жүргенбіз. Оқу кабинеттерінің бірі ретінде қолөнер, үйірме сабақтарын, шеберлік сағаттарын өткізу көзделіп отыр. Арнайы кесте дайындалды,- деді мектеп басшысы Ермек  Серікұлы.

Алты қанатты киіз үй тұрақты түрде өнер сабағы мен үйірмелерді өткізу үшін қолданылмақ. Жел мен жауын-шашыннан қорғау үшін арнайы қаптама қапталып, электр энергиясы тартылған.

 

Маңғыстау облысы